Шымкент қаласы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен Тәртіп» тақырыбында 500-ге жуық колледж студенттері мен академик Ә. Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің студенттерінің қатысуымен ауқымды профилактикалық кездесу өткізілді.
Аталған іс-шараға прокуратура органдарының, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығы, өңір спортшылары, сондай-ақ сотталған азаматтар қатысты.
Кездесу барысында жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтардың себептері мен салдары жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, есірткі құралдарын заңсыз тарату, бұзақылық, дропперлік және өзге де құқыққа қайшы әрекеттердің қоғамға және жеке тұлғаның болашағына тигізетін кері әсері кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара аясында жастарға қолданыстағы заңнама талаптарының мәні жеткізіліп, әрбір құқыққа қарсы әрекеттің құқықтық салдары, жеке жауапкершілік мәселелері нақты мысалдар арқылы, сондай-ақ онлайн бейнебайланыс режимінде түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырған сотталғандармен сұхбат жүргізу арқылы түсіндірілді.
Прокуратура органдары құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған осындай профилактикалық іс-шараларды алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғастырады.
