ЗАҢСЫЗ СЫЙАҚЫ ҮШІН КӨРІЛЕТІН ЖАЗАНЫҢ КҮШЕЙТІЛГЕНІ ЕСКЕРТІЛДІ

Ақпарат Қоғам Саясат

Бүгін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің жанынан құрылған ақпараттық-ағартушылық Штабының төрағасы Ерұлан Тұңғышбаев ҚР АШМ Агроонеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің облыстық аумақтық инспекциясы ұжымымен жүздесіп, ақпараттық — түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Парасаттылық принциптері кең көлемде дәріптелген келелі жиынның негізгі мақсаты- әділдік, айқын құндылықтарын ел ішінде кең көлемде насихаттау арқылы ел азаматтарының бойына адалдық қасиеттерін дарыту және сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу.

Алқалы жиында сөз алған Штаб төрағасы бармақ басты, көз қысты әрекеттердің жолын кесу мақсатында Агенттікпен атқарылып жатқан ауқымды жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылдың 5 сәуірі күні толық күшіне енген ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістермен таныстырды.

Өз кезегінде, заңсыз сыйақы, сыйлық алу, беру әрекеттеріне қомақты айыппұл салынатынын ескертіп, парақорлық әрекеттерден аулақ болуға шақырды.

Жиын соңында сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалды.