• 3 декабря, 2024 5:55 пп

ЖОЛДАУ: ҚАЗЫҒҰРТТА САЛЫҚ САЯСАТЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН ӨТТІ

Автор:admin

Ноя 27, 2024

 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Салық саясаты тұрақты болуға тиіс. Сонда бизнес те сапалы дамуға ынталы болады және жауапкершілікпен жұмыс істейді» деген болатын. Осы орайда Қазығұрт ауданы әкімдігінде аудан басшысының төрағалығымен кезекті аппарат мәжілісі өтті. Жиынға әкімдік қызметкерлері, аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы, ауыл округ әкімдері, сот орындаушылар қатысты.

Аталған жиынның күн тәртібінде ауданның қосымша кіріс көздерін анықтау, салықтық берешектерін өндіру туралы сөз қозғалды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қанат Төлендиев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Мұрат Сәпиев баяндама жасады. Мәжіліс барысында көтерілген мәселе жан-жақты талқыланып, Азизхан Азимханұлы өзінің нақты ұсыныстарын айтып, тапсырмаларын берді. Атап айтқанда, көтерілген тақырыптың өзекті екенін ескертіп, салықтың уақытылы төленуін қадағалауды тапсырды.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin