• 19 декабря, 2025 2:04 пп

ЖЕТІСАЙ АУДАНЫНЫҢ АШЫҚ БІРІНШІЛІГІНЕ ЖАС ПАЛУАНДАР ҚАТЫСТЫ

Автор:admin

Дек 19, 2025

Ұлттық спортты дамыту аясында Жетісай ауданында “Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!” атты ұранымен аударыспақтан 2008–2010 жылы туылған  жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.

Бұл жарыстың негізгі мақсаты – аудан көлемінде ұлттық спорт аударыспақ ойынын кеңінен насихаттау, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спортқа деген қызығушылықты арттыру.

Аударыспақ – ат үстіндегі күрес ойыны. Ортаға шыққан екі ойыншының мақсаты – ат үстінде күрес жүргізіп, қарсыласын аттан аудару немесе ат үстінен қарсыласын жұлып алып, жеңгенін мойындату. Бұл ежелгі ойын жаугершілік дәуірінен бастау алып, жауынгерлерге найза мен қылышты шебер қолдануға, төзімділік пен батылдыққа тәрбиелеген.

Жарысқа Жетісай, Келес және Шардара аудандарынан шамамен 50 жас палуан қатысты. Аудандық «Ұлттық спорт клубы» КММ-нің жас спортшылары да белсенді өнер көрсетіп, келесі нәтижелерге қол жеткізді:

50 кг салмақта: Бердіхайыр Мұхаметжан – ІІІ орын;

60 кг салмақта: Байжігіт Дияр – ІІІ орын;

+65 кг салмақта: Тұрдықұл Рауан – ІІІ орын;

Жас палуандарды жарысқа дайындаған жаттықтырушы – Тұрдықұл Ералы Қалдыбайұлы.

Бұл жарыс жас спортшылардың ұлттық спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың ат үстіндегі шеберлігін шыңдауға және ұлттық дәстүрімізді насихаттауға ерекше үлес қосты. Жетісай ауданының жас палуандары өз күштері мен шеберліктерін дәлелдеп, болашақ жарыстарға сенімді қадам жасады.

Аудан әкімдігі мен спорт ұйымдары бұдан кейін де ұлттық спорт түрлерін дамытуға, жастарға арналған додаларды жиі ұйымдастыруға ниетті. Мұндай жарыстар – өскелең ұрпаққа дені сау өмір салтын насихаттау мен рухани мәдениетті арттырудың таптырмас құралы.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

 

1512

Автор: admin