• 27 ноября, 2025 7:17 пп

Ордабасы ауданының  әкімі Азат Оралбаевтың азаматтарды жеке қабылдауы – халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасының нақты көрінісі. Әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдау арқылы олардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталған іс-шаралар жүргізіліп, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен тиімділігі арттырылады.

Ордабасы  ауданының  әкімі Азат Оралбаев азаматтарды жеке қабылдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген бірқатар әлеуметтік мәселелерді ортаға салды.

Азаматтар тарапынан көтерілген мәселелер – жекеменшік серіктестікке (ЖШС) инфрақұрылым жүргізу, тұрғын үйге газ тарту кезінде орын алған кейбір олқылықтар, сондай-ақ әлеуметтік жағдайға байланысты тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты болды.

Әрбір тұрғынның өтінішін мұқият тыңдаған аудан басшысы тиісті сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, мәселелерді заң аясында шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin