• 17.09.2026 20:05

ЖАҢА БУЫН СТУДЕНТТЕРІН ҚАБЫЛДАУҒА АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК КЕШ ӨТТІ

Автор:jsk.kz

Сен 16, 2026

 

Бүгін Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының қатысуымен жаңа оқу жылында студент атанған жастарға арналған «Жарқын болашаққа қадам» атты мерекелік кеш өтуде.

Қазіргі таңда қалада 14–35 жас аралығындағы 81 718 жас бар. Бұл – Түркістан халқының 32,8 пайызы. Қаладағы 3 жоғары оқу орнында 12 222 студент, 8 орта арнаулы оқу орнында 10 742 студент білім алуда.

Қала әкімі жас буынды студент атануларымен құттықтап, білімге ұмтылыс пен үздіксіз ізденістің, еңбекқорлық пен азаматтық жауапкершіліктің маңызын атап өтті.

«Біз жастарды тек жұмыс іздеуші ретінде емес, жаңа жұмыс орындарын ашатын кәсіпкер, жаңа технологияны енгізетін білікті маман, қоғамның дамуына үлес қосатын белсенді азамат ретінде көргіміз келеді. Сондықтан әр жастың сапалы білім алып, өз қабілетін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау – маңызды міндет», – деді қала әкімі.

Жастарды қолдау бағытында білім беру мен жұмыспен қамту тетіктері де қатар іске асырылуда. Биыл Түркістан қаласындағы жоғары оқу орындарын 3 984 жас, орта арнаулы оқу орындарын 2 170 жас тәмамдады. Оның ішінде 1 759 жас жастар практикасы, алғашқы жұмыс орны және өзге де жұмыспен қамту бағдарламалары арқылы еңбекке орналасты.

Автор: jsk.kz