• Чт. Дек 1st, 2022

ЖАҢАРУ ЖОЛЫНДА ӨЗ ТАҢДАУЫМЫЗДЫ ЖАСАЙЫҚ

Автор:admin

Ноя 7, 2022

Елімізде жетінші рет Президент сайлауы өткелі отыр. Құдайға шүкір, Қазақстан халқы әр саяси оқиғада өзінің сабырлығымен, бірлігімен бейбітшілікті сақтап келеді. Әйтпесе, өзге елдерде екі күннің бірінде толқу, көтеріліс. «Бір күн ұрыс болған үйден қырық күн береке қашады» деген даналардың ұрпағымыз. Алдағы додада сол ынтымағымызды көрсетейік.

Сайлаудағы әрбір дауыс маңызды. Өйткені, ол барша қазақстандықтардың болашағы. Өркениетті елдерде азаматтар саяси оқиғалардан тысқары қалмайды. Әсіресе, мемлекет басшысының сайлауына белсене қатысады. Бұл – әр адамның өз келешегіне жауапкершілікпен қарауы деген сөз.

Біз де солай жасауымыз қажет. Сондықтан алдағы сайлаудан тыс қалмай, сайлау учаскесіне барып, дауыс берейік. Себебі бұл ел Президентін таңдау. Мемлекет басшысын сайлау. Жарқын болашаққа қол жеткізу. Ендеше алдағы сайлауда белсенді болайық. Жарқын болашақты бірге таңдайық.

Ерлан НҰРМАХАНОВ,
Түркістан облысы мәслихатының депутаты,
«Ernur» корпорациясы» ЖШС Президенті