• 19 декабря, 2025 12:48 пп

ЖАС ПАЛУАНДАРДЫҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Автор:admin

Дек 19, 2025

Ұлттық спортты дамытуға арналған жүйелі жұмыстардың нәтижесі ретінде 2025 жылдың 7–9 қараша күндері Мақтаарал ауданы Атакент кентіндегі «Атакент» спорт кешенінде «Біз салауатты өмір салтын ұстанамыз!» ұранымен қазақ күресінен 2011–2012–2013 және 2014–2015 жылдары туған жасөспірім ұлдар арасында ауданның ашық біріншілігі өтті.

Дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын бұл сайыс жас палуандардың шеберлігін шыңдауға, спортқа деген қызығушылығын арттыруға және олардың шынайы потенциалын ашуға бағытталған.

Бәсекеге Мақтаарал ауданы мен көршілес аумақтардан ондаған жас спортшы қатысып, өзара мықтылықтарын сынады. Олардың қатарында #3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі бөлімінің өрендері де өнер көрсетіп, үздік нәтижелерімен көптің көңілін қуантты. Талантты палуандар 3 алтын 🥇 және 3 күміс 🥈 медаль иеленіп, командалық көрсеткіште де жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

II орын – 29 кг: Баратов Асадбек;

I орын – 35 кг: Турсунов Хасан;

I орын – 35 кг: Турсунов Суроч;

I орын – 38 кг: Көшербай Данияр;

II орын – +55 кг: Фаттулаев Шукур;

II орын – +65 кг: Арыстанбай Нұрән.

Жас спортшылардың бұл жеңістері олардың табандылығы мен еңбегінің ғана емес, сондай-ақ бапкерлердің жанкешті дайындығының жемісі екені сөзсіз. Бұл жетістікте еңбек сіңірген жаттықтырушылар Б. Махсутов пен М. Турсуновтың еңбегі зор.

Сонымен бірге, жарыс алаңындағы тартысты бәсеке жасөспірімдердің бойында өз еліне деген мақтаныш сезімін оятып, ұлттық спортқа деген сүйіспеншілігін күшейте түсті. Қазақ күресі — біздің рухани тамырымыздан нәр алған төл өнеріміз. Осындай жарыстардың жиі өткізілуі өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеп, дені сау, жігерлі, мықты буын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.

Жарыс соңында жеңімпаздар медальдармен және марапаттармен қуантылды. Бұл жетістіктер жас палуандардың алдағы үлкен додаларға сенімді қадам жасауына серпін берері анық.

Аудан жұртшылығы мен спорт сүйер қауым жасөспірім палуандарды және олардың жаттықтырушыларын осы жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтайды!

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: admin