• 23.06.2026 20:19

ЖАСТАР ҮШІН «ШЫМКЕНТ – ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА»: ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН БІРІГУ

Автор:jsk.kz

Июн 23, 2026

Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, құқықтық мәдениетті арттыру және есірткіге қарсы қоғамдық иммунитетті қалыптастыру мақсатында «Шымкент – есірткісіз қала» атты есірткі жарнамаларын жоюға бағытталған ауқымды акция бастау алды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – қала аумағындағы есірткі құралдарын жарнамалайтын заңсыз жазбалар мен граффитилерді анықтап, жою арқылы жастарды зиянды әдеттерден қорғау және құқықбұзушылықтың алдын алу болып табылады.

Акцияның ашылу салтанатында Шымкент қаласы Полиция департаменті басшысының бірінші орынбасары Арман Арун-Рашидұлы Бейсенбаев сөз сөйлеп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға, заңға қайшы әрекеттерден аулақ болуға және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісіне белсенді қатысуға шақырды.

Сондай-ақ ол нашақорлықтың қоғамға тигізетін зиянына тоқталып, жастардың болашағына төнетін қауіптерді атап өтті. Құқық қорғау органдары мен жастардың бірлескен жұмысы ғана есірткіге қарсы тиімді күрес жүргізуге мүмкіндік беретінін жеткізді.

Іс-шара барысында жастарға құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, есірткі жарнамаларын анықтау және жою бойынша профилактикалық шаралардың маңызы түсіндірілді.

Мұндай бастамалар жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, қоғамда қауіпсіз орта қалыптастыруға және «есірткісіз қала» идеясын жүзеге асыруға ықпал етеді.

 

***

 

«ШЫМКЕНТ – ГОРОД БЕЗ НАРКОТИКОВ»: МОЛОДЕЖЬ ОБЪЕДИНЯЕТСЯ РАДИ СВЕТЛОГО БУДУЩЕГО

 

В городе Шымкент стартовала масштабная акция «Шымкент – город без наркотиков», направленная на уничтожение незаконной рекламы наркотических веществ и профилактику наркопотребления среди молодежи.

Основная цель мероприятия – выявление и устранение надписей и граффити, пропагандирующих наркотики, а также предотвращение распространения наркомании и повышение правовой грамотности населения.

На церемонии открытия первый заместитель начальника Департамента полиции города Шымкента Арман Арун-Рашидович Бейсенбаев выступил с обращением к молодежи, призвав их вести здоровый образ жизни, избегать противоправных действий и активно участвовать в обеспечении общественной безопасности.

Он также подчеркнул негативное влияние наркотиков на общество и угрозы, которые они несут будущему молодежи, отметив важность совместной работы правоохранительных органов и граждан.

В ходе мероприятия была проведена разъяснительная работа среди молодежи о значении профилактики наркоправонарушений и важности участия в подобных инициативах.

 

Подобные мероприятия способствуют формированию правовой культуры молодежи, созданию безопасной среды и реализации идеи «города без наркотиков».

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz