• 24 ноября, 2025 1:49 пп

Жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Автор:admin

Ноя 8, 2025

Бүгінде халықтың құқықтық сауаттылығы маңызды дүние. Әрбір азамат заң мен құқықтарын білуі керек. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан құқықтық сауаттылықты арттыруға арналған бағдарламалар мен іс-шаралар жиі өтуде. Халықтың құқықтық сауаттылығы – бұл әрбір азаматтың өзінің заңды құқықтары мен міндеттерін білуі, сондай-ақ өз мүдделерін әртүрлі деңгейде және барлық мәселелер бойынша өз бетінше қорғай алуы және мемлекеттік басқаруға белсенді қатысу мүмкіндігі. Мемлекеттегі әрбір адамның құқықтық сауаттылығы мен қоғамның күштілігі арасындағы байланыс терең және жан-жақты. Әділ, тұрақты және функционалды қоғамдық тәртіпті құруға құқықтық хабардар азаматтар өз үлесін қосуда. Осы орайда Шымкент қаласында жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында   құқық бұзушылық, буллинг және сталкинг мәселелері, интернет-алаяқтық бойынша жиын өтті.  Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Бауыржанұлы Жұман, білікті заңгер, кәсіби медиатор, Шымкент қаласы қоғамдық кеңесінің мүшесі Айжан Кесебаева, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Дәурен Бөрібайұлы Тұрғынбай қатысты. Кездесуде Айжан Кесебаева жастар арасындағы құқық бұзушылық, буллинг және сталкинг мәселелеріне тоқталып, бұл әрекеттердің заң алдында жауапкершілігі бар екенін айтты. Дәурен Тұрғынбай жастарды XXI ғасырда ғаламтор арқылы дамыған алаяқтық іс-әрекеттерден  сақ болуға шақырды. Сондай-ақ, спикерлер жастармен ашық пікір алмасып, құқықтық мәселелер бойынша сұрақтарға нақты жауаптар ұсынды. Заң мен құқықты меңгерген азамат қоғамның дертіне айналған дүниелерге алданбайды. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ерте бастаған жөн. Алда тамашалаңыздар! Біздің қоғамда соңғы кезде құмар ойындарға, нашақорлыққа тәуелділік, киберқылмыс, әлім-жеттік мәселесі өршіп тұр. Әсіресе жастар арасында. Сондықтан олардың құқықтық, қаржылық сауаттылығын арттыру маңызды. Бұл құралдар тәуліктің кез келген уақытында пайдалануға мүмкіндік бере отырып, қарапайымдылығымен, жеделдігімен және қолжетімділігімен ерекшеленеді. Қабылданған шаралар азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз құқықтары мен міндеттерін мейлінше білуге ықпал етеді. Қызмет көрсетуді жеңілдету жұмысының нәтижесінде қазақстандықтардың уақыты мен қаражаты үнемделеді, аталған қызметтерді алудың қолжетімділігі мен ыңғайлылығы артып, сондай-ақ әкімшілік кедергілер жойылады, бұл процесті неғұрлым ашық және тиімді етеді.

 

Jsk ақпарттық агенттігі

Автор: admin