• 20 апреля, 2024 11:36 пп

ҚР Президентін кезектен тыс сайлауы — ел тарихындағы елеулі оқиға. Сайлау еліміздің бірлігін тағы да бір паш етті.
Тарихи сәтте дауыс беруге ешкім де бей-жай қарамады. Белсенділік танытты. Бұл болашаққа, жаңа бетбұрыстарға деген сенім. Сенім бар жерде алдағы істердің нәтижелі болары сөзсіз. Жұртшылықтың жұмылған жұдырықтай ел болашағына, жарқын да жаңа кезеңге үлес қосқаны сайлауға бір кісідей қатысып, дауыс бергені дәлел бола алады.
Бұл сайлау бізді тағы да бір сындарлы сәттен сүріндірмей, сәтті алып шықты.
Халықтың құқықтық және саяси сауаттылығы қалыптасып, дауыс беру мәдениетінің артып келе жатқанының бір көрінісі. Үлкен де кіші де бір қолдың саласындай бірігіп таңдауын жасады.
Ел тізгіні сарабдал саясаткер, танымал тұлға Қасым-Жомарт Тоқаевқа сеніп тапсыруды халық өзі таңдады, халық өзі құптады. «Бағалай білгенге бақ қонады» деген сөз бар. Біз барды бағалайтын халықпыз. Осы ретте өзіміз таңдаған Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың баянды бағдарламалары мен жаңа реформаларының іске асуына өз үлесімізді қосуымыз керек. Алдағы кезең бізге жауапкершілік жүгін артады. Бірлік пен ынтымақ ауыр жүкті жеңілдетері сөзсіз.
РУСЛАН ТОЙШИЕВ,
АҚСУКЕНТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ

Автор: admin