• 18 мая, 2024 11:36 пп

ЕЛІМІЗ ТЫНЫШТЫҚТА ГҮЛДЕНЕ БЕРСІН — АРЫСТЫҚ 100 ЖАСТАҒЫ ӘЖЕЙ

Автор:admin

Мар 19, 2023

 

Бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде. Арыс қаласының тұрғындары аса маңызды сайлауға бір кісідей атсалысып, айрықша азаматтық белсенділік танытуда.

Бүгін денсаулығына байланысты үйлерінде отырған ардагерлер мен зейнеткерлер де таңдау жасауға мүмкіндік алды. Солардың қатарында Арыс қаласына қарасты Монтайтас ауылының 100 жастағы тұрғыны Жидегүл Оңалбаева апамыз да бар.

Қария үй жағдайында дауыс беріп, бюллетень тұрғылықты мекен-жайына жеткізілді.

Жидегүл апа ел игілігі жолындағы барлық маңызды саяси шараларға белсене араласып келе жатқанын айтты. Осы жолы да сайлауға қатыса алғанына қуанышты.Саналы ғұмырында қуғын-сүргінді де, соғысты да басынан өткерген кейуананың бір ғана тілегі бар. Ол — қазақ елінің бейбіт те берекелі мемлекетке айналуы дейді.

Автор: admin