• 27 ноября, 2025 9:52 пп

ЕЛІМІЗДЕ ГЕНДЕРЛІК ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ҚАРСЫ НАУҚАН БАСТАЛДЫ

Автор:admin

Ноя 26, 2025

 

Елімізде «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимыл» атты Халықаралық акция басталды. БҰҰ-ның Конвенциясына сәйкес, жыл сайын 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтетін науқан әлемнің 180-нен астам елін біріктіреді. Бұл жайында Түркістан облысы Полиция Департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының “Отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің” аға инспекторы Әйгерім Жарқынбек брифингте мәлімдеді.

«Биыл науқан — «Әйелдер мен қыздарға қатысты цифрлық зорлық-зомбылықты тоқтату үшін бірігейік» — деген ұранмен өтеді. Осы уақыт аралығында халықпен кездесулер, мобильді топтардың жұмысы, жедел желілер, флешмобтар, дөңгелек үстелдер, ұйымдар мен оқу орындарында семинарлар өткізу жоспарланып отыр. Біз зардап шеккендерге арналған іс-қимыл алгоритмдерін түсіндіруді күшейтеміз. Яғни, жадынамалар, инфографика, әлеуметтік роликтер мен билбордтар орналастырамыз»- деді спикер.

Сонымен қатар, науқан барысында еліміздің көптеген аймағында қызғылт сары түстес жалаушалар, плакаттар және шарлармен безендіру, ғимараттарды қызғылт сары түстес жарықпен жарықтандыру сияқты жұмыстар жүргізіледі. Сондай-ақ, зорлық-зомбылықпен күресудің символы «Қызғылт-сары күн» акциясы өтпек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin