• 27 февраля, 2026 9:09 дп

ДЕПУТАТТАРДЫҢ ИГІ ІСІ

Автор:admin

Авг 23, 2024

«Қайырлы істің қайырымы мол» демекші, бүгін облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішовтың бастамасымен мәслихат депутаттары Отырар ауданында тұратын көп балалы Әлімбековтар отбасына 4 бөлмелі үйді сатып алып берді.
​Үйді арнайы табыстауға облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов, Е.Хандиллаев және Отырар ауданының әкімі Қ.Жолдыбай келіп, кілтті табыстады.
​Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаты А.Салимов сөз сөйлеп, үйлі болу – әр отбасы үшін үлкен мереке екендігін айта келе, үй иелерін жаңа қонысымен құттықтады.
Айта кетсек, үйді алған Әлімбеков Ардақ Ермаханұлы жұбайымен 3 ұл, 3 қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы. Осы күнге дейін бұл отбасы туысының үйінде тұрған. Отағасы Ардақ Ермаханұлы сирек кездесетін дертпен ауырады. Ол облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының жеке қабылдауында болып, денсаулығына байланысты шетелде емделуге квота беру және тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы өтінішін білдірген болатын.
​Ардақ Ермаханұлының тілегін халық қалаулылары бірауыздан қабыл етіп, бір отбасыны қуантты. Әсіресе, бұл үй балалар үшін айрықша тарту болды.
​Өз кезегінде үй иелері халық қалаулыларына алғыстарын білдіріп, ізгі тілектерін білдірді.

Түркістан облыстық мәслихаты

Автор: admin

Шымкентте аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу мәселесі талқыланды
МЕМЛЕКЕТТІК ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА АҚЫСЫЗ ОРТА БІЛІМ АЛУҒА КЕПІЛДІК БЕРІЛЕДІ
ӘР АДАМНЫҢ ЕҢБЕК ЕТУГЕ ЖӘНЕ КӘСІП ТҮРІН ЕРКІН ТАҢДАУҒА ҚҰҚЫҒЫ БАР Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әрбір азаматтың еңбек ету құқығы және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдау мүмкіндігі нақты бекітілген. Бұл норма азаматтардың еңбек саласындағы негізгі құқықтарын қамтамасыз етуге және олардың кәсіби қызметін еркін жүзеге асыруына құқықтық негіз қалыптастырады. Ата Заңға сәйкес, әр адамның еңбек етуге, қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығы бар. Бұл қағида азаматтардың өз қабілеті мен біліміне сәйкес мамандық таңдауына, еңбек қызметін жүзеге асыруына және өз еңбегі арқылы лайықты өмір сүруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл норма еңбек еркіндігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған. Конституцияда бекітілген еңбек ету құқығы қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Ол азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыруға, кәсіби дамуына жағдай жасауға және еңбек қатынастарының заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылуына негіз болады. Осылайша, Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әр адамның еңбек етуге және қызмет пен кәсіп түрін еркін таңдауға құқығының бекітілуі азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың және олардың еркін еңбек етуіне жағдай жасаудың маңызды кепілі болып табылады.

You missed