• 28.05.2026 13:42

Дара кәсіпкерді немесе заңды тұлғаны әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізуге өтініштерді қабылдау туралы хабарландыру

Автор:admin

Май 28, 2026

Дара кәсіпкер немесе заңды тұлға өзін тізілімге енгізу мақсатында Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасына арнаулы комиссияның қарауына https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru ресми сайтында орналастырылған құжаттарды ұсынады.

Өтініш пен құжаттарды дара кәсіпкер немесе заңды тұлға қағаз түрінде немесе электрондық жеткізгіштерді пайдалана отырып және (немесе) 2-қосымшаға сәйкес бекітілген(https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ruкөрсетілген), басшы не оны алмастыратын адам қол қоятын және дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның мөрімен (бар болса) бекемделетін нысан бойынша хабарландыруда көрсетілген мекенжай бойынша жеке өзі, пошта, электрондық пошта арқылы немесе өзінің өкілетті өкілі арқылы береді. Өтініште және құжаттарда қамтылатын мәліметтер олар берілген күнгі жағдай бойынша жарамды болуға тиіс.

Өтінім берілетін орын: Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталығы, «Басқармалар үйі» ғимараты, 4-қабат, кабинет №438.

Электрондық пошта мекенжайы:dkb_uko@mail.ru;

Байланыс телефоны: 8 (725-33) 5-97-79;

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 2026 жылдың «1»маусымынан
«15» маусымына дейінгі жұмыс күндері сағат 10-00-ден 17-00-ге дейін (жергілікті уақыт);

Осы хабарландырумен және құжаттамамен https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kasipkerlik?lang=ru сайтта танысуға болады.

Автор: admin