• 18 мая, 2024 10:30 пп

Бүгіннен бастап жаңадан жұмысқа кірген педагогтер ұлттық біліктілік тестін тапсырады

Автор:admin

Дек 13, 2022
Жас ұстаздарға арналған біліктілік аттестациясы осы айда ұйымдастырылады, деп хабарлады Jsk.KZ Ұлттық тестілеу орталығына сілтеме жасап.

2022 жылғы 12-14 желтоқсан аралығында app.testcenter.kz сайтында мұғалімдерден ұлттық біліктілік тестіне қатысуға өтініш қабылданады.

Дегенмен бір ескерту — бұл тест тек қана педагог санатына өтініш берген мамандар арасында жүргізіледі.

Яғни, тестілеуге тәжірибесі жоқ кандидаттар мен білім беру ұйымдарында тәжірибесі бар (бірақ белгілі бір үзілістен кейін) жұмысқа қабылданып жатқан мамандар өтініш бере алады.

Ұлттық біліктілік тестін өткізу мерзімі:13-15 желтоқсан аралығы.

Барлық сұрақ бойынша мына нөмірлерге хабарласуға болады: +7 (7172) 69 52 63, 69 52 91

 

Автор: admin