• Пн. Май 23rd, 2022

“БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА САЯХАТ — II” байқауының жеңімпазы анықталды

Автор:admin

Фев 8, 2022
Spread the love

«Visit Shymkent» туристік ақпараттық орталығы өзге қала тұрғындары арасында ұйымдастырған “БАҚЫТТЫ ҚАЛАҒА САЯХАТ — II” байқауының жеңімпазы анықталды.

Әлеуметтік желі қолданушылары арасында жарияланған байқаудың басты мақсаты – қаламыздың туристік имиджін дамыту әрі шаһардың көрікті орындарын насихаттау. Мемлекеттік бюджет емес, тек демеушілер есебінен ұйымдастырылған байқау жеңімпазына Шымкент қаласына тегін әуе билеті, қонақ үйге ақысыз бір күндік демалыс пен «Сандық» мейрамханасынан кешкі ас сондай-ақ қаламыздың басты туристік нысандарына тур қамтамасыз етіледі.

Өзге қала тұрғындары арасында ерекше қызығушылық оятқан байқауға жалпы саны 1300-ге жуық азамат белсенділік танытып, пікір білдірген. Байқаудың барлық талап-ережелерін орындап, тікелей эфир барысында көп ішінен Маңғыстау облысының тұрғыны Жұлдыз Қалиева жеңімпаз атанды.

Жеңімпаз Жұлдыз Қалиева Қызылорда облысының тумасы. Қазіргі таңда Маңғыстау облысы Ақтау қаласында жұмыс істейді. Өзінің айтуынша Шымкенттің көрікті әрі тарихи орындарында бұрын соңды болмаған. Айта кетейік, Жұлдыз Қалиева бақытты қалаға саяхатын — наурыз айына жоспарлап отыр.

Jsk ақпарат