• Вс. Фев 5th, 2023

Ақтөбеде Мейрам Қажыкен «СтройДеталь» ЖШС қызметкерлерімен кездесті

Автор:admin

Ноя 8, 2022

Ақтөбеде ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен «СтройДеталь» ЖШС қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде кандидат өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды.
Айта кетейік, қазірде кәсіпорында 500-ден астам адам жұмыс істейді, олардың 90% — кәсіподақта.
Кәсіпорын қызметкерлері М.Қажыкеннен партияға қатыстылығы жайында сұрап, Қазақстанның сыртқы саясаты туралы мәселе көтерді.
Бұған дейін президенттікке кандидат Мейрам Қажыкен Өскемен қаласына барып, Шығыс Қазақстан ауруханасы диагностикалық орталығының қызметкерлерімен кездескенін және «Восток молоко» корпорациясына барғанын хабарлаған едік. Сондай-ақ кандидат «Каравай» ЖШС және ГЭС ұжымдарымен де кездесті. Ал Ақтөбеде кандидат рельс-арқалық зауыт қызметкерлерімен кездесті.
Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал 20 қарашада президент сайлауы өтеді.