• 24 ноября, 2025 9:58 дп

Ақпараттық ресурстарды табыс көзінеайналдыру жолдары айтылды

Автор:admin

Ноя 18, 2025

Алматыда өткен «Түркі әлемінің медиа кеңістігі: жаңа дәуірдегі міндеттер мен мүмкіндіктер» тақырыбына VI Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумында «Alatau Aqparat» медиахолдингінің креативтідиректоры Қуаныш Ермекова медиаэкожүйеніңжаңа моделін түсіндірді.

Спикердің сөзінше, ең алдымен: «Біз не сатамыз?» деген сұраққа жауап беру керек, өйткені бұрын медиа тек газет арқылы табыс тапса, қазір жағдай мүлде өзгерген.

«Газет – біздің негізгі, дәстүрлі ресурсымыз. Бірақ қазір табыс тек қағаздан емес, тұтас медиаэкожүйеден келеді. Қазіргі модельді газет → сайт → әлеуметтік желілер тізбегіне теңеді және бұл жүйенің негізгі капиталы – аудитория екенін атап өту керек. Біз жарнама берушілерге контентемес, осы контент арқылы жиналған аудитория мен олардың назарын ұсынамыз», деді Қуаныш Ермекова.

Сарапшының айтуынша, газет ісінде дәстүрлі тарату жолдарының да сақталып отыр. Яғни «Қазпошта» мен «Евразия Пресс» арқылы жазылу, сондай-ақ тарату нүктелерінің кеңейгенін де атап өткен жөн. Газеттер қазір Air Astana бизнес-классында, «Тальго» пойыздарында, қонақүйлер мен мәдениет нысандарында ұсынылады.

Оның сөзінше, аудитория табыстың негізгі факторыретінде үш түрлі аудиторияны атап өтуге болады.

«Бірінші, талқылайтын аудитория – пікір жазады, сториске жауап береді. Екінші, сатып алатын аудитория – айдарға енуге, жарнама беруге мүдделі.Үшінші, брендке байланған аудитория – Aqsham.newsпен Vecher.kz-ті қала туралы басты ақпарат көзі деп қабылдайды. Егер аудитория медиаға сенсе, ол брендтен алыстамайды. Ал бұл – тікелей табыс», –деді Қуаныш Ермекова.

Айта кетейік, медиа форумға Қазақстан, Орталық Азия, Түркия, Еуропа елдерінен БАҚ басшылары, журналистер, депутаттар, медиа саласындағы ҮЕҰ басшылары, Қоғам қайраткерлері, PR менеджерлер, баспасөз хатшылары, журналистика факультетінің мұғалімдері мен студенттері т.б. қатысты.

Автор: admin