Алкогольден бас тарту — денсаулықты сақтаудың ең тиімді жолы.
Алкогольді тұрақты қолдану тәуелділікке әкеліп, бауыр, жүрек-қантамыр жүйесі, ми және басқа мүшелердің қызметіне зиян келтіреді.
Алдын алу жолдары:
* алкогольді ішімдіктерді қолданбау;
* бос уақытты спортпен және пайдалы істермен өткізу;
* күйзелісті алкогольсіз әдістермен жеңу;
* алкоголь ұсынатын ортадан аулақ болу;
* отбасы мен жақындардың қолдауын пайдалану;
* тәуелділік белгілері байқалса, дәрігерге немесе психологқа ерте жүгіну.
Есіңізде болсын: алкогольсіз өмір — дені сау отбасы, жарқын болашақ!#Заңментәртіп
#ЗАКОНИПОРЯДОК
