• Пт. Дек 2nd, 2022

АЛДАҒЫ САЙЛАУҒА ТҮРКІСТАНДЫҚТАРДЫҢ БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСАТЫНЫНА СЕНЕМІН

Автор:admin

Ноя 7, 2022

 

Биыл — елімізде үлкен саяси дода. Президент сайлауы. Алты үміткер. Әр кандидаттың өз бағдарламасы бар. Қазір жер-жерде үгіт-насихаттарын жүргізіп жатыр.

Халықтың көзі ашық. Өз таңдауын жасайды. 21-қазан күні басталған үгіт-насихат жұмыстары 18-қараша аяқталады. 20-қараша – саулау күні. Барлық қазақстандықтар өз учаскелеріне барып дауыс береді. Бағдарламасы мен қолға алған бастамасы ұнаған кандидатын таңдайды.

Түркістан облысына 900-ден астам сайлау учаскесі бар. Қазіргі таңда олардың сайлау науқанына дайындығы сақадай сай. Енді тек сайлау күні барып, дауыс беру, белсенділік таныту – азаматтық ұстанымымыз.

Түркістандықтар елімізде болып жатқан әрбір іске өз үндерін қосып, саяси оқиғалардан тыс қалып көрген емес. Бұдан бұрын өткен сайлаулар мен референдумда да жоғары белсендік танытып, республикада алғашқы орыннан көрінді. Алдағы сайлауда да түркістандықтар белсенділік танытады деп сенемін.

20-қарашада бір кісідей сайлауға барып, өз таңдауымызды жасайық. Бірлігіміз бен елдігімізді көрсетейік.

Талғат ҚАРЖАУОВ,
Түркістан облыстық мәслихатының депутаты