• 3 декабря, 2024 3:17 пп

АЙМАҚТЫҚ ШТАБ ЖҰМЫСЫН ЖАЛҒАСТЫРУДА

Автор:admin

Май 11, 2022

 

Конституциялық реформа – мемлекетімізді одан әрі демократияландыру жолындағы маңызды тарихи кезең. Бұл реформалар саяси-әлеуметтік дамуға, экономикалық жаңару мен жаңғыруға үлкен серпін береді. Еліміздің саяси-құқықтық өзгерістердің нәтижелі болуын қамтамасыз етуге, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың жаңа тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесінің қалыптасуына ықпал ететін конституциялық реформалардың маңызы зор.

Бүгін, «AMANAT» партиясы фракция жетекшісінің орынбасары, Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, Шымкент қалалық партиялық штабының мүшесі Танатарова Жадыра «Sairam-Orkeniet» бастауыш партия ұйымында конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында кездесу өткізді.
Жиын барысында штабтың мүшесі Танатарова Жадыра конституциялық реформаның негізгі бағыттарына тоқталып өтті. Атап айтқанда: біріншіден, суперпрезиденттік басқарудан түбегейлі бас тартып, президенттік республика моделіне өту; екіншіден, биліктің бірқатар өкілеттігін қайта бөлу;
үшіншіден, парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі;
төртіншіден, халықтың ел басқару ісіне араласуын кеңейту;
бесіншіден азаматтардың құқығын қорғау тетіктерін күшейту екенін нақтылап түсіндіріп өтті.
Жиынға қатысушы түрлі страта өкілдері реформаларды қолдайтынын жеткізді.

Автор: admin