• 3 декабря, 2024 2:51 пп

АДАЛ ЖОЛДЫ ДӘРІПТЕГЕН АГЕНТТІК ӨКІЛДЕРІ ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ ӨКІЛДЕРІМЕН ЖҮЗДЕСТІ

Автор:admin

Апр 6, 2021

 

Жарқын болашаққа жол бастайтын ел жастарының қаруы – ұлттық тәрбие, парасатты сана, адал еңбек. 

Осыған орай,  бүгін киелі өңірге арнайы жұмыс сапарымен келген  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының кеңесшісі Жазира Жылқышиева мен республикалық «Парасат жолы» орталығының жетекшісі, жазушы  Сәдібек Түгел  зиялы қауым өкілдерімен  кездесу өткізді. 

Адал іске үндейтін шараның негізгі мақсаты –  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың  жарқын үлгісін қалыптастыру,  қоғам індетінің деңгейін төмендету және өскелең жас ұрпақты  жанашырлыққа, адалдыққа тәрбиелеу.   

Ұлттық мәдениет пен рухани құндылықтарды насихаттауды жұртшылықпен бірге жүргізу керектігін алға тарқан Жазира Жылқышиева:

— Адам бойындағы парасаттылық арқылы жемқорлыққа қарсы мінез-құлықтың үлгісін қалыптастыру – Агенттіктің басты ұстанымы. Ал мұндай игі іске елімізге белгілі тұлғалар, зиялы қауым өкілдері, өз ортасына сыйлы азаматтарды тарту арқылы қол жеткіземіз. Көпшілікке ізгілік, адалдық пен адамгершілік сияқты ұлттық құндылықтарды насихаттау өз жемісін берері сөзсіз, — деп атап өтті. 

Келелі кездесуде республикалық жоба жетекшісі ұлттық тәрбиені жаңғырта отырып,  бүгінгі жас буынды ізгі істерге жетелеу әрі  парасатты тұлға етіп қалыптастыру —  үлкен аға буын өкілдерінің  абыройлы міндеті екендігін тілге тиек етті.   

Бұдан бөлек,  Агенттік өкілдері зиялы қауым өкілдерімен, соның ішінде ақсақалдар мен жазушылар, ақындармен ұйымдастырылған мақсатты жиында парасаттылық принциптерінің қоғам алдындағы маңыздылығын ортаға салды.     

Игі шарада киелі өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің жарқын үлгісін қалыптастыру бойынша қоғаммен байланысты нығайту мәселелері кеңінен талқыланды.    

Автор: admin