• 13 октября, 2024 11:24 дп

АДАЛ ЕҢБЕК — АРДЫҢ ІСІ

Автор:admin

Ноя 25, 2021

АДАЛ ЕҢБЕК — АРДЫҢ ІС

Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен Түркістан қалалық әкім аппаратының қызметшілерінің арасында мақсатты жиын өтті.

Іс-шараға Облыс әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі М.Исаев пен адал еңбек жолымен ілкімді нәтижелерге қол жеткізген, мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан Мұстафаева Ұлжан Әбенқызы және әкімдік қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында М.Исаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға енгізілген өзгерістер, жемқорлықтың орын алу жағдайлары мен оның алғышарттарын жою жөнінде және құқық бұзушылықтар үшін қарастырылған әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы, сондай-ақ Президент Жолдауы мен бірінші басшылардың жауапкершілігі мен пара алушылар мен пара берушілерге және делдалдарға қатысты Заң нормалары қатаңдатылғанын айтып өтті.

Ал бейнеттің зейнетіне абыроймен жеткен Ұлжан Әбенқызы ел игілі жолындағы қызметі жайында жастарға өзінің еңбек жолының басталуын, қызметтегі қызықты сәттері мен қызметте кездескен қиындықтарымен бөлісті.

Жиын соңында жалынды жастар қоғамда болып жатқан өзгерістерге өздерінің көзқарастары мен түйген ойларын ортаға салып, ашық пікір алмасты.

JSK ақпарат

Автор: admin