• 13 октября, 2024 10:58 дп

Агенттік пен Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы жастар арасында парасаттылық идеологиясын  ілгерілетуге күштерін біріктірді

Автор:admin

Дек 4, 2020

Мемлекет басшысы Жастар жылының жабылу рәсімінде жас қазақстандықтар патриотизмның алдыңғы шебінде жүру керек деп атаған еді.
Отандық патриотизмнің формуласы анық әрі айқын: халықтың тарихын білу, мемлекетке құрмет, үнемі өзін-өзі дамыту, адалдық пен жұмысқа қабілеттілік.
Осыған байланысты, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымымен өскелең ұрпақтың арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Агенттік Төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектеновтың айтуынша, «Жас Ұлан» ұйымы өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеуде маңызды серіктес болып табылады.
Тараптардың бұл бағыттағы ниеттері ұқсас болды.
Бұл туралы «Жас Ұлан» төрағасы Д. Садвакасова мәлімдеді, сондай-ақ, ұйымның мақсаты – Отанымыздың жас патриоттарын қазақстанның халқына, мәдениеті мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен адалдық негізінде тәрбиелеу екенін атап өтті.
Бүгінгі таңда ұйымның құрамында 1,5 миллионнан аса мектеп оқушысы бар.
Тараптардың келісімі бойынша, енді «Жас Ұлан» ұйымы  оқушылар арасында дұрыс құндылықтар ұстанымдарын дәріптеуге бағытталған «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарымен белсенді ынтымақтастық жасайтын болады.
Меморандумға қол қою аясында тараптар «Жеті жарғы» бағытының қызметі аясында орта мектептерде «Адал ұрпақ» клубының 2021 жылға арналған кешенді іс-шаралар жоспарын бекітті.

Автор: admin