• 21 мая, 2024 1:16 пп

Қаржылық есепті жүргізу

Автор:admin

Апр 18, 2024

Түскен ақша мен жұмсалған ақшаның есебін жүргізіп отыру – қаржылай сауатты адамның пайдалы әдеті. Бір айдан кейін-ақ сіз ақшаны қалай жұмсап отырғаныңызды және қандай қателіктер жасап отырғаныңызды көретін боласыз. Барлық шығындарды бағыт бойынша жіктеу арқылы тіркей бастаңыз. Мысал: 1-топ – ағымдағы шығындар: сізге күнделікті қажет болатын азық-түлік пен тауарларды сатып алу, 2-топ – міндетті төлемдер: несиелер, коммуналдық қызметтер, ұялы байланыс, 3-топ – ойын-сауықтар: кино, бар, әріптестердің туған күндері, 4-топ – ірі мөлшерде сауда жасау, 5-топ – автокөлікке қатысты, сонымен бірге сақтандыру мен жанармайға қатысты шығындар. Егжей-тегжейін өзіңіз белгілейсіз: шығындардың есебін жүргізудің 1-2 айынан кейін сіз өзіңізге ыңғайлы жіктеу жүйесін қалыптастырып аласыз. Есепке барлық шығындарды, тіпті елеусіз болып көрінетіндерді де қосыңыз. Ноутбуктың алдында қолында чек ұстап отырған әйел. Кірістеріңізді де жазып отыруды ұмытпаңыз. Тек жалақыңызды ғана емес, сондай-ақ басқа табыс көздерінен түсіп отырған кірістерді, сонымен бірге салымдар бойынша пайыздарды және егер картаңызға кешбэк қосып төленіп отырса, соны да есепке алып отырыңыз. Деректерді жеткілікті мөлшерде жинап алып, оларды зерттеуге және талдауға кірісіңіз: бір айдағы шығыстар мен кірістерді салыстырыңыз, өздерін айналып өтуге болатын шығындарды анықтаңыз (жоспарланбаған сатып алулар, такси, өзіңіз бармайтын спортзалға абонемент сатып алу), азырақ төлеуге болатын шығындық баптарды табыңыз (тауарды көтеріңкі бағамен сатып алу, қымбат салонда шаш қию үшін артық төлеу), нақты қорытындылар жасаңыз (айдың соңында қанша ақша қалды), 2 және 3 тармақтар бойынша үнемдеудің есебімен қалдықтың қанша қалуы мүмкін болатынын есептеңіз. Нәтижесінде сіз өзіңіздің қаржылық жағдайыңыздың нақты бейнесін аласыз және шығындарды қалай оңтайландыру керектігін түсінесіз. Құзыретті талдаудан кейін сіз неге дұрыс нәрсеге ақша жинай алмайтындығыңызды немесе инвестициялауды бастай алмайтыныңыз анық болады. Енді келесі қадамға – бюджетті жоспарлауға көшуге болады.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin