• 26 апреля, 2024 4:41 пп

Қазақстанның ономастикалық кеңістігінің лингвомәдени аспектісі

Автор:admin

Авг 11, 2022

Қазақстан ономастикасының кеңістігі күннен-күнге қарыштап даму үдерісіне бағытталып келе жатқаны баршамызға мәлім. Шығыстың кемеңгер ойшылы Конфуций осыдан екі мың жыл бұрын Қытай билеушілерінің біріне мемлекеттегі істерді оң жолға қоюды атауларды дұрыстаудан бастау керектігі туралы: «Егер атаулар дұрыс болмаса, сөздердің негізі болмайды. Сөздердің негізі болмаған жағдайда іс те жүрмейді және халық та не істерін білмейді», — деген екен.

Қазақстанның заманауи ономастикалық кеңістігі инновациялық қоғамдық, психологиялық, тарихи міңезімен сипатталады: Қазақстанда геосаяси және тілдік жағдай өзгерді, сондықтан да жалқы есім деп нені және қалай атау керектігі туралы көзқарас та өзгерді. Бұл жалқы есімнің жаңа концепциясының пайда болуына түрткі болды. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі ономастикалық кеңістігін кешенді суреттеудің қажеттілігі туды.

Қазақстанның ономастикасында жалқы есімдерді зерттеудің өзіндік дәстүрлері бар. Олар жалқы есімдердің лексико-семантикалық және құрылымдық түрлерін, этимологиясын зерттеу, құрылу себептерін анықтаудан тұрады. Ономастиканы пән-объектілік салада зерттеу приоритеттері: Қазақстан топонимдері (зерттеу жұмыстарының 60%), антропонимдер (8,9%), әдеби онимдер (8,9%), деонимдер (5,2%), антропонимдер мен топонимдер (4,5%), эргонимдер (4,5%), зоонимдер (2,2%), космонимдер (2,2%), идеонимдер (2,2%), мифонимдер (2,2%). Зерттеушілердің негізгі назары қазақстандық ғалымдардың қазақ лингвомәдени қоғамдастығында қолданылатын онимдік лексикаға аударылған.

Қазақстанның заманауи ономастикалық кеңістігі – күрделі де салмақты, көптілдік, перифериялық құрылым. Қазақстанның заманауи ономастикалық кеңістігі – белсенді дамып келе жатқан құрылым. Ономастикалық кеңістіктің динамикасы мен шекаларының кеңеюі жалқы есімдердің концепциясының өзгеруіне байланысты да жүргізілуде, яғни қазақ жаңа атау формуласының пайда болуы, прагматонимдер мен идеонимдердің корпусының белсенді өсуі.

Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тәжірибесі, адами ізгіліктері мен рухани құндылықтары, қоғамның әлеуметтік сипаты, сөйлеу әдебі қағидалары, аялық білімі, жалпы этнологиялық кеңістігі туралы түсініктері ұлтымыздың қазынасы — оның тілінде, тілдік құрылымдарында көрініс тауып, сақталып, жинақталған.

Jsk ақпарат

Автор: admin