• 28 апреля, 2024 3:32 пп

Шымкентте кәсіпкерлікті дамытуда инвесторларға да қолайлы жағдай жасалған.

Автор:admin

Апр 2, 2023
investment stockbroker risk analysis. Financial analysis using phone app and laptop. Market trading profit.

Шымкентке былтыр 278,5 млрд теңгенің инвестициясы тартылғанын білдік.

–Ия, инвестор тартуда біршама әрекеттеріміз өз нәтижесін беруде. Сіз айтып отырған 278,5 млрд. теңге 2019 жылмен салыстырғанда 11,4 пайызға артық. Осының өзі жылдан жылға бұл салада да жұмыс қарқынды екенін аңғартады.

Қалада 2020-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 1,4 трлн. теңгені құрайтын 157 инвестициялық жобаның базасы жасалды. Оның 34-і былтыр жыл соңына дейін жүзеге асып, 2000 жаңа жұмыс орны ашылды. Соның ішінде 5 жобаға шетелдік инвесторлар тартылған.Шымкент қаласының бизнес-қоғамдастық өкілдерімен кездесу өтті. «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Тимур Нақыпбеков мықты, тұрақты кәсіпкерлік мәдениетті дамыту, түсінікті ережелермен бизнес-ортаны қалыптастыру қажеттігін атап өтті. «Адал бәсекелестік ортаны дамыту үшін Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы партиямен бірлесіп заңнамалық деңгейде кедергілерді азайту бойынша жұмысты жалғастырады», — деді Тимур Нақыпбеков. Өз кезегінде «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов партия бизнесті жүргізудің қарапайым ережелерін қамтамасыз етуге ұмтылатынын атап өтті. «Біз жеке бастама мен нарықтық экономиканың күшіне сенімдіміз. Палатамен бірлесіп, 2027 жылға дейін кем дегенде 15 мың артық реттеуші кедергілерді жоямыз», — деді Ерлан Қошанов. Спикер шағын және орта бизнес үшін елде бизнес жүргізу бойынша түсінікті және болжамды ережелерді қамтамасыз етуге дайын екенін атап өтті. Бүгінде біреуге жалданып жұмыс істегеннен гөрі, жеке кәсіп бастауды қалайтындардың саны артып келеді. Сонымен қатар шалғай аймақтарда, ауылдық жерде бизнеспен айналысуға болатыны дәлелденіп, тұрғындардың қабілет-қарымын арттырып, жаңа бағытқа баулу қолға алынған. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында «Бастау» жобасын жүзеге асырып келеді. 2017 жылы Қазақстанның 80 ауданында 15 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматқа кәсіпкерлік негіздері білімі берілді. Оның ішінде 3314 азаман бизнесін ашты әрі кәсібін ұлғайтты, 10 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Биыл жоба ауқымы кеңейді: аудандар саны 80-нен 160-қа дейін артып, қатысушылардың саны да екі есе өсіп, 30 мыңға дейін жетті. 2018 жылы жоба арқылы 160 ауданға қоса, 41 моноқала мен облыс орталығы қамтылмақ. «Бастау» – шағын кәсіпкерлікті дамытудың тетігі ғана емес, жаңа жұмыс орнының ашылуына да септігін тигізетін жоба. Ауыл азаматтары шалғайдан жұмыс іздемей-ақ, өз ауылдарында табыс табу мүмкіндігін пайдалана алады.

Jsk ақпарат

Автор: admin