• 26 апреля, 2024 1:12 дп

Түркістан облысында әлеуметтік сала қаншалықты дамуда?

Автор:admin

Дек 15, 2022

Мемлекеттің түрлі себептермен қиындықтарға тап болған, әлеуметтік аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдауы бірнеше факторлар тұрғысынан маңызды. Алдымен, түрлі себептердің салдарынан әлеуметтік қиындыққа тап болған азаматтардың өмір сүру сапасының жақсаруына ықпал етеді. Екіншіден, мемлекеттегі әлеуметтік теңсіздікті азайту және қауіпсіз қауіпсіз қоғам құру тұрғысынан өзекті. Үшіншіден, азаматтардың мүмкіндіктерін теңестіруге және адам ресурсын дамытуға көмектеседі. Осыған байланысты әлемдегі кез келген мемлекет белгілі бір деңгейде әлеуметтік қорғау механизімдерін іске асырады. Мақалада Қазақстанның өз азаматтарын әлеуметтік қолдау саясаты қарастырылады. Соңғы жылдары «жалпыға ортақ игіліктер мемлекеті» деген түсінік кең тарады. Жалпыға ортақ игіліктер мемлекеті – үкімет өз азаматтарының экономикалық және әлеуметтік әл-ауқатын қорғау мен ілгерілетуде шешуші рөл атқаратын жүйе. Мұндай жүйе азаматтардың мүмкіндіктерін теңестіру, байлықты әділ бөлу және жақсы өмір сүрудің ең аз мөлшеріне қол жеткізе алмай отырған индивидтерге қоғамның қол ұшын үшін созуы принциптеріне негізделген. Жоғарыда айтылып кеткендей, заманауи елдердің көпшілігі белгілі бір деңгейде әлеуметтік қолдау жүйесін жүзеге асырады. Сарапшылар әлемдегі елдерінде қалыптасқан әлеуметтік көмек түрлерін скандинавиялық, континенттік және англосаксондық деп үш модельге топтастырады. 1-кестеде «Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасын және Әлеуметтік жаңғыртудың 2016 жылға дейінгі кезеңге арналған жоспары» құжатынан алынған осы үш әлеуметтік қолдау модельдерінің ерекшеліктері көрсетілген. Мемлекеттің әлеуметтік бағыттағы саясаты мен әлуметтік қолдауы туралы қарама-қайшы пікір бар екенін айтып өткен жөн. Бір тараптан, жоғарыда айтылған қиындыққа тап болған азаматтарды қолдау, мүмкіндіктерді теңестіру, әлеуметтік алшақтықты азайту сияқты факторларды алға тартушылар үкіметтің бұл мәселеде болсенді болуын қолдайды. Екінші тарапта мемлекеттің қоғам ісіне араласуы шектеулі болуы керек, әлеуметтік саясат мемлекеттің функциясына кірмейді деп ойлайтын топ бар. Бұл топқа жататындар: мемлекеттік қолдау нәтижесінде кей жағдайда жұмыссыз адамға берілетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері кейбір ауыр еңбек ететін жұмысшылардың еңбекақысынан жоғары; әлеуметтік қолдау күшті болған сайын, отбасылық құдылықтар әлсірейді, мемлекетке арқа сүйеп үйренген адамдар, жақын туыстар бір-бірін қиын-қыстау кезеңде қолдауды доғарады; мемлекет әлеуметтік аз қамтамасыз етілгендерге көмек беру үшін салық мөлшерін көтереді, нәтижесінде еңбек ететіндердің табысына салмақ артады; әлеуметтік көмекті мемлекет емес, қайырымдылық ұйымдары көрсетуі керек, себебі мемлекет мұндай қызметті дұрыс ұйымдастыра алмайды, артық шығындар жұмсайды т.б. уәждерді алға тартады.Халықтың әлеуметтік қорғалуы Қазақстан Республикасының Коституциясында жазылған. Ата заңға сәйкес еліміз әлеуметтік республика ретінде орнықтырады (1-бап), жұмыссыз қалған жағдайда әлеуметтік қорғалуға құқығы бар (24-бап), қиындыққа тап болған азаматқа ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі (28-бап). ҚР Конститутциясында көрсетілген әлеуметтік қамтамасыз етудің механизімдерін «Қазақстан Республикасының Халықты әлеуметтік қорғау тұжырымдамасы» айқындайды. Тұжырымдамаға сәйкес        «Әлеуметтік қорғау – бұл әлдебір жағдайларға (кәрілік, мүгедектік, денсаулық жағдайы, асыраушысынан немесе жұмысынан айрылуы) және өзге де заңды негіздерге байланысты экономикалық белсенді бола алмайтын әрі лайықты ақы төленетін еңбекке қатысу жолымен өзін табыспен қамтамасыз ете алмайтын азаматтар үшін өмірлік қажетті игіліктердің және әл-ауқаттың белгілі бір деңгейін қамтамасыз етуге арналған жүйе». Әлеуметтік көмек дегенде мынандай мәселелер ескерілуі керек: білім алудың қолжетімділігі, медициналық көмектің қолжетімділігі, түрлі себептермен жұмыссыз қалған адамдардың жәрдемақы алуы, еңбек етуге жарамсыз адамдарға берілетін көмек, табыс көзі күнкөріс мөлшерінен төмен адамдарға берілетін жәрдем. Төменде осы категориялар бойынша Қазақстанда берілетін мемлекеттік көмек бойынша жеке тоқталған. Қазақстанда жан басына шаққандағы орташа табысы кедейлік шегінен аспайтын адамға немесе отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. Басқаша айтқанда бұл кірісі төмен адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдем. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Заңына сәйкес. Атаулы әлеуметтік көмек шартсыз ақшалай көмек және шартты ақшалай көмек түрінде көрсетіледі. Екеуінің басты айырмашылығы, біріншісінде алушыға ешқандай шарт қойылмайды, ал екіншісінде мемлекеттен көмек алу үшін жұмыс іздеу, түрлі курстарға қатысу жолымен біліктілігін арттыру талабымен беріледі. Басқаша айтқанда, шартсыз көмек – ол жәрдем алушыны мемлекеттің тұрақты жұмыс тапқанға дейін уақытша қолдауы. Шартсыз ақшалай көмек еңбек етуге мүмкіндігі шектеулі адамдарға зейнеткерлік жасқа толуына, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігіне, екі айдан астам еңбекке уақытша қабілетсіздік мерзімі белгіленуі мүмкін ауруының болуына байланысты беріледі. Мүшелерінің арасында жұмыс істеуге қабілетті адамдары жоқ табысы аз отбасыларға да осы категорияға жатады. Ал, шартты ақшалай көмек табысы аз, бірақ еңбекке қабілетті жалғызілікті адамдарға, өз құрамында еңбекке қабілетті мүшесі бар отбасыларға көрсетіледі. Қазақстанда мектепке дейінгі және орта білім жалпыға міндетті және тегін. Алайда жоғары және жоғары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ақылы. Дегенмен мемлекет жыл сайын арнайы білім грантын бөледі, білімді жастардың осы мемлекеттік грант көмегімен оқу мүмкіндігі бар. 2021 жылы 145 мың абитурет бірыңғай ұлттық тест тапсырып, оның 75 мыңы білім грантын алу конкурсына қатысқан. Ал бөлінген мемлекеттік тапсырыс саны 56 000. Олай болса грант үшін бәсекелестік аса жоғары деу қисынсыз. Мұндай жағдайда ақылы оқу грантқа ілікпегендер мен өзі қалаған мамандығы және оқу орны бойынша білім алғысы келетіндерге берілген мүмкіндік. «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Заң қабылданғаннан кейін медициналық көмек те ақылы қызметке ойысты. Азамат медициналық көмек алу үшін осы бағыттағы қорға белгілі бір сома аударуы қажет.  Мемлекет жарна төлемеген адамдарға «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс талабымен айқындалған тегін медициналық көмек ұсыныды. Алайда бұл көмек тек медициналық қызметтің белгілі бір түрлеріне ғана қарастырылғанын айтып өту керек. Елімізде денсаулығына байланысты жұмысқа жарамсыз және осындай жандарға күтім жасайтын азаматтарға мемлекет тарапынан қолдаулар қарастырылған. Жоғарыда аталғандай мұндай азаматтарға арнайы жәрдемақы беріледі. Сондай-ақ, арнайы сауықтыру орындарына тегін жолдама, ал балаларға болса арнайы мектептер мен балабақшаларда мамандардың көмегімен сапалы білім алу, оңалту орталықтарына ақысыз бару сияқты қолдаулар бар. Сонымен қатар, табысы аз көпбалалалы отбасыларға қаржылай көмек беру де өзекті. Жоғарыда аталған шартқа сәйкес келсе көпбалалы отбасы мемлекеттен жәрдемақы алады. Одан бөлек жергілікті атқарушы органдар көпбалалы отбасынан шыққан балаларға, қоғамдық көліктерде тегін жүру, оқыту ұйымдарында жеңілдіктер беру сияқты көмек түрлерін көрсетеді. Осы тұста, орта білім ұйымдарындаға жалпыға міндетті оқу қоры (всеобуч) туралы да айтып өту керек. Бұл қор аясында балалардың мектепке қажетті құрал-саймандар, мектеп формалары және спорттық, қыстық аяқкиімдер,  жаздық лагерлерге кезекпен жіберілу, сондай-ақ мәдениет пен спорт жарыстарына қатысуға мүмкіндіктері қарастырылған. Оқушылардың бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі де осы жалпыға міндетті оқу қоры аясында іске асырылады. Мектепте берілетін бұл көмек көрсетілетін категориялар:

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар жанұядан шыққан оқушылар;
  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын, адам басына бөлгенде кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшерінен төмен отбасыдан шыққан балалар;
  • ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайға түсіп аяқ асты көмекке мұқтаж жанұя балалары. Соңғы жылдары пандемия көптеген елдердің экономикасына кері әсерін тигізді. Бұл жұмыссыздық проблемасын тудырды. Қазақстанда 2021 жылдың бірінші тоқсанында жұмыссыздар саны өткен жылмен салыстырғанда 2% -ға көп болған. Мемлекет жұмыссыз қалған тұрғындарды қорғау, қолдау мақсатында жәрдемақы тағайындайды. Бұл Қазақстанның «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңына сәйкес жүзеге асырылып отыр. Әлеуметтік көмектің тағы бірі – сәби өмірге келгенде берілетін мемлекеттің жәрдемақысы. Бұл қаражатты жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін аналар да алуға құқылы. Сондай-ақ, бұл көмектің мөлшері бала санына қарай ұлғайып отырады яғни көп бала дүниеге келген сайын жәрдемақының да көлемі өсе түседі. Бала өмірге келгенге дейін жұмыс істеген аналарға біржолғы әлеуметтік ақша көлемі соңғы бір жылдағы орташа айлық табысына қарай қарастырылады. Төлемдер екі қаржылық көзден бөлінеді. Оның бірі республикалық бюджет есебінен болса, екіншісін — мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры ұсынады. Республикалық бюджеттен бөлінетін ақшаны бала күтіміне дейін жұмыс істемеген әйелдер алады. Осыған дейін айтылған ойды жинақтай келе, Қазақстанның тәуелсіздіктен бері әлеуметтік мемлекет ретінде дамуға ұмтылып отырғандығы байқалды. Алайда Қазақстан бұрынғы кеңестік жүйедегі барлық әлеуметтік көмектер тегін көрсетілетін дәстүрден бас тартып, континенталдық және скандинавиялық модельдердің синктретизміне негізделген әлеуметтік мемлекеттің өзіндік жүйесін құра алды. Оған сәйкес, медицина, жоғарғы білім т.б. әлеуметтік қызметтер ақылы, алайда мемлекет оған қолжеткізуі қиын азаматтарға көмек береді. Мұндай жүйе бір тараптан азаматтардың тек мемлекет көмегіне арқа сүйемей, алға ұмтылуына итермелейді, екінші жағынан қоғамның аз қамтамасыз етілгендер үшін жауапкершілігі барын көрсетеді. Дегенмен ақылы қызмет қандай жағдай да болмасын оған қолжеткізушілер арасында теңсіздіктің болуына алып келетінін айтып өту керек. Әлеуметтік қорғау дегеніміз не?

Алдымен «әлеуметтік қорғау» ұғымымен танысайық.  Ол адам құқығының қорғалуын қамтамасыз ететін және  әлеуметтік мұқтаждығын қанағаттандыратын шаралар жүйесі. Ол барлық қоғам мүшелерінің материалдық және әлеуметтік жағдайынан тыс қоғамдық қажеттілігін құрып,  жасайтын мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыттарының бірі.

Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына  сәйкес, әр адам әлеуметтік қамтамасыз етілуге және өз абыройын сақтауға тиіс қажеттілікті жүзеге асыруға, экономика, мәдениет, әр мемлекеттің құрылымы мен ресурсына сай әлеуметттік салада ұлттық күш салып, халықаралық ынтымақтастыққа және жеке тұлға ретінде еркін дамуына құқығы бар. Сондай-ақ әр жұмыскер өз еңбегінің әділ бағалануына,  өзі және өзінің отбасы  лайықты өмір сүреді деп есептеуіне құқығы бар.  Айта кетсек, қажет деген жағдайда еңбекақысы әлеуметтік қамтудың басқа да құралымен толықтырылуы мүмкін.

Жалпы, кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде, тамақ, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсетілу — денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етілуі тиіс.  Егер күнелтуге қажетті қаражат болмаған жағдайда азамат (жұмыссыздық, ауыру, мүгедектік, кәрілік немесе асыраушысынан айырылғанда) мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемге сүйенеді. Аналар мен нәрестелерге құжаттағы мөріне қарамастан ерекше көңіл бөлінуі тиіс: барлық бала некеде туылып, туылмағанына  қарамастан,  біркелкі әлеуметтік қорғауды пайдаланады.

Әлеуметтік қорғаудың үлгілері:

Неміс үлгісі — адам өзінің белсенді шағында төлеген ақшадан аударылымына сәйкес әлеуметтік құқығы қамтамасыз етіледі. Мүмкіндігі шектеулі отбасыларының барлығына арналған түрлі мемлекеттік бағдарламалар бар;

Ағылшын үлгісі – қандай да бір санатқа жатсын, жатпасын, әлеуметтік жәрдемнің минимум өлшемі қарастырылған.

Кейде әлеуметтік қорғауды тым тар ұғымда түсінеді: белгілі бір кірісі бар тұрғындар белгілі себептермен өзін-өзі асырай алмаған жағдайда деп түсінеді: жұмыссыздар, мүгедектер, ауыр науқастар, жетімдер, қариялар, жалғызбасты аналар, көпбалалы отбасылар. Қандай жағдай болмасын, әлеуметтік қорғаудың басты қағидалары — адамгершілік, адрестілік, кешенділік, жеке тұлғаның құқығын, бостандығын сақтау болып табылады.

Әлеуметтік қорғаудың негізгі үш түрі: әлеуметтік қамтамасыз ету, әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік көмек.

Әлеуметтік қамсыздандыру

Әлеуметтік қамсыздандыру — мемлекеттің әлеуметтік саясатын білдірудің түрі. Ол мемлекеттік бюджет қаражатымен белгілі бір санаттағы азаматтарды материалдық қамсыздандыруға және азаматтық әлеуметтік ахуалын басқа қоғам мүшесімен теңдестіру мақсатында  мемлекет тарапынан елеулі оқиға (оның даму кезеңінде) болып табылған жағдай туындағанда бюджеттен тыс арнайы қорлардан қаражат бөлуге бағытталған.

Әлеуметтік кепілдіктер

Әлеуметтік кепілдіктер —азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік игіліктер және көрсетілетін қызметтер, яғни  тексеру қажеттілігі мен еңбек салымының есебінсіз, бөлу қағидасы негізінде, қолда бар қоғамдық игіліктерді мұқтаждығы бойынша үлестіру.

Әлеуметтік сақтандыру — әлеуметтік қорғау жүйесі. Оның міндеті — экономикалық белсенді азаматтардың конституциялық құқығын қамсыздандыруды жүзеге асыру – қартайғанда, ауруға шалдыққанда, жартылай немесе толық еңбекке жарамдылығынан айырылғанда, асыраушысынан айырылғанда, жұмыссыз қалғанда материалдық тұрғыдан қамтамасыз ету.

Әлеуметтік көмек — ол ақшалай көмек және заттай көмек. Негізінен бюджеттен және өз еркімен жасалған  қайырымдылықтан қаржыландырылып, ауыр материалдық жағдайдағы адамдарға төленеді. Олардың кірісі негізінде, өмір сүруге қажетті қаражатына қарай, сондай-ақ кірісі тексерілмей, белгілі бір өлшемдеріне қарай әлеуметтік көмек көрсетіледі. Және де халықтың бір бөлігі көмек көрсету бағдарламасының игілігін пайдаланады деп білеміз.

Әлеуметтік жұмыстың субъектілері — осы жұмысты жүргізетін адамдар мен ұйымдар. Мемлекетттік органдардың әлеуметтік қорғауы арқылы әлеуметтік саясатты жүргізетін жалпы мемлекет.

Әлеуметтік қорғаудың түрлері

Мемлекеттік құрылым:

Қолжетімді денсаулық сақтау;

Жеңілдіктер;

Қолжетімді білім беру;

Зейнетақымен қамсыздандыру;

Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі және әлеуметтік көмек ұсыну;

Әлеуметтік қолдау көрсету шаралары;

Мемлекеттік емес құрылымы:

Ерікті әлеуметтік сақтандыру;

Қайырымдылық;

Денсаулық сақтаудың жеке меншік жүйесі және т.б.

Біз мемлекеттік туралы айтып отырмыз.

Қазақстандықтарда қандай әлеуметтік стандарт және әлеуметтік кепілдіктер бар

Қазақстанда ең төмен әлеуметтік стандарттар ҚР  «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және олардың кепілдіктері туралы» Заңына сәйкес, мына салаларда белгіленіп, қолданылады;

1) еңбек;

2) әлеуметтік қамсыздандыру;

3) білім беру;

4) отбасы және балалар;

5) денсаулық сақтау;

6) мәдениет;

7) дене шынықтыру және спорт;

8) мемлекет кепілдігімен заң көмегі.

Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар

Ең төмен айлық еңбекақы, жұмыс ауысымының ұзақтығы, жыл сайынғы ақылы демалыс — бұл еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар.

Еліміздің Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс істеуші мынаған құқылы:

Демалысқа, сондай-ақ жыл сайынғы ақылы демалысқа;

еңбек міндеттемелерін орындауға байланысты денсаулыққа келтірілген зиянның өтелуіне;

міндетті әлеуметтік сақтандыру;

еңбек (қызметтік) міндеттемелерін орындау барысындағы жазатайым оқиғалардан сақтандыру;

кепілдіктер және өтемақылы төлемдер;

өз құқығын және заңды мүддесін барлық заңға қайшы емес тәсілдермен қорғау;

бірдей еңбегі үшін ешқандай кемсітушіліксіз тепе-тең төлеу.

Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы әлеуметтік стандарттар былай анықталады:

ең төменгі күнкөріс деңгейі

ең төменгі зейнетақы көлемі

арнайы әлеуметтік қызмет көрсетудің кепілдендірілген көлемі

Білім беру саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар:

мектепке дейін тәрбиелеу және оқыту стандарты;

бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру стандарты;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру стандарты;

конкурстық негізде жоғары білім беру стандарты.

шәкіртақы, мемлекеттік гранттар, оқуға квоталар және оқушыларға жеңілдіктер аталмыш стандарттармен белгіленеді.

Отбасы және балалар саласындағы әлеуметтік стандарттар

Бұған жетім балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған, басқа отбасына берілген балалардың құқығы мен мүддесін қорғау кіреді. Стандарт бала асырап алуды, қамқорлыққа алуды немесе бағып-қағу, патронатты отбасы, қамқоршыларға жәрдемақы және патронаттық төлемдерді реттейді.

Денсаулық сақтау саласында

Бұл стандарттар кепілдендірілген тегін медициналық жәрдем беру көлемі мен қолжетімді денсаулық сақтау қызметін қамтамасыз етуді реттейді.

Мәдениет саласында

Мәдениет саласындағы ең төменгі әлеуметтік стандарттар әлеуметтік кепілдіктерді және барлық санаттағы азаматтардың мәдени құндылықтарға қолжетімділік құқығын жүзеге асырады. Бюджет қаражатының есебінен мемлекеттік ұйымдар өткізетін мәдени ойын-сауықтық шараларға мүгедектердің қолжетімділігін қамтамасыз етіп, мемлекеттік мәдениет ұйымдарының мүгедектерге арналған қызметінің қолжетімділігі бойынша бөлек стандарттар бар.

Дене шынықтыру және спорт саласында

Бұл стандарттармен мемлекет меншігіндегі спорттық ғимараттардың қолжетімділігі және оны  барлық санаттағы азаматтар үшін пайдалану көрсеткіштері қамтылады.

Мемлекетпен кепілдендірілген заң көмегін көрсету саласы

Аталмыш саладағы стандарттар әлеуметтік кепілдікті және әлеуметтік құқық — заңды ақпарат алу, заңды кеңес алу, жеке тұлғаның мүддесін қорғау және  адвокат ұсынуды  жүзеге асыруға бағытталған. Сотқа арызды қалай дұрыс жазуға болады, адвокатты қалай таңдау керектігі жайлы толығырақ «Транспаренси Қазақстан» сайтында оқыныз.

Қазақстандағы әлеуметтік қорғауды реттеуші Заңдар мен халықаралық шарттар

Еңбек кодексі – http://adilet.zan.kz/rus/docs/K1500000414

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңы – http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z1300000105

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Заңы» – http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z030000405_#z9

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақы мөлшері – http://adilet.zan.kz/rus/docs/P1500001103#z6

Еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша әлеуметтік жәрдемақыны белгілеу мен төлеудің ережесі – http://adilet.zan.kz/rus/docs/V1500012521#z8

Адам құқығының жалпыға бірдей декларациясы – http://www.un.org/ru/documents/decl_conv/declarations/declhr.shtml

Бұл ақпарат сізге не үшін қажет?

Қоғам әлеуметтік жұмыстың  тиімділігінің артқанын қалайды. Бірақ оны анықтап, өлшеу әжептәуір қиын. Тиімділік деп жұмыс нәтижесі мен шығынның ара қатынасын және сол нәтижеге қол жеткізуге қажетті шығын деп түсінеміз. Әлеуметтік саладағы тиімділік — өте күрделі категория. Ол мақсаттардан, нәтижелерден, жұмсалған қаражаттардан және әлеуметтік іс-шаралардың жағдайынан құралады. Нәтиже  — қандай да бір іс-шараның оның мақсатымен ара қатынасындағы қорытындысы. Ол оң немесе теріс болып шығуы мүмкін. Нысандарының, арнайы қызмет клиенттерінің сұранымын қанағаттандыру — әлеуметтік жұмыстың нәтижесі болып табылады.  Және осы негізде қоғамдағы әлеуметтік ахуалдың жалпылай жақсаруы. Жұмыстың тап осы тиімділігі (соның ішінде әлеуметтік қызметтер) біздің жобамызды көтеруге үнделген. Және бұл тек сіздердің көмектеріңіз арқылы жүзеге асады.

Jsk ақпарат

Автор: admin