• 3 мая, 2024 10:09 пп

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРЫНА ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕДІ

Автор:admin

Июл 5, 2023

Түркістандағы үкіметтік емес ұйымдар өз жобаларына қаржылай қолдауды және гранттарды қалай ала алады? Бұл туралы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ өкілдері өңір жұртшылығымен кездесуде жауап берді. Келелі жиынға ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Ғалым Құрман, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Сариев, өңірдегі үкіметтік емес ұйымдардың (YEY) өкілдері, облыс әкімдігінің қызметкерлері және БАҚ өкілдері қатысты. Аталған кездесу жергілікті YEY өкілдеріне «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ бастамаларын жеткізу, 2023 жылы YEY өкілдеріне гранттар ұсынудың жаңа рәсімдерін түсіндіру, YEY өкілдерінің әлеуетін арттыру және гранттық қаржыландыруға тарту мақсатында ұйымдастырылды. «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдар үшін гранттар мен сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үкіметтік емес ұйымдарды гранттық қаржыландыру саласындағы оператор болып саналады.

— Заңға сәйкес, аталған Орталық азаматтық бастамаларды қолдау және YEҰ әлеуетін әлеуметтік саланы дамытудың өзекті мәселелерін шешуге тарту мақсатында YEY үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес гранттар береді, сондай-ақ олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асырады, — «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ Басқарма төрағасы Ғалым Құрман. Айта кетейік, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ өкілдерінің өңіріміздегі сапары ертең де жалғасады. Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықжөніндегі Кеңестің алғашқы отырысы өтті. Мәжілісті кеңес төрағасының орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып, жүргізіп отырды.  Айта кетейік, қазіргі таңда Түркістан облысында тіркелген қоғамдық бірлестіктердің жалпы саны – 121. Облыста республикалық6 саяси партияның («NurOtan», «Ақжол», «Ауыл», «Қазақстан Коммунистер партиясы», «Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы», «Бірлік») филиалдары жұмыс жүргізуде. Биыл облыстағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың негізгі бағыты, яғни азаматтық бастамалар орталығы,мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау, экология, туризм, дін және өзге де тақырыптар бойынша жұмыстар қарқынды жүргізілмек. Бұл – үкіметтік емес ұйымдар үшін үлкен қолдау. Жиында Түркістан облысы әкімінің орынбасары Б.Тәжібаев «Қоғамның азаматтық белсенділігі жаңа деңгейге көтеріліп келеді. Бұл қадамдар жергілікті атқарушы билік жұмысының тиімділігін арттыруға тікелей септігін тигізеді. Әсіресе өңірдегі әлеуметтік мәселелердің шешіміне ықпал ететін жобаларды жүзеге асыруға үкіметтік емес сектордың көмегі мен белсенділігі қажет. Мәселен кешегі Арыс оқиғасынан соң зардап шеккен қаланы қалпына келтіру, секторларға бөлінгентұрғындармен келісімдер жасау, олардың сұрақтарын әкімдікке жеткізіп, шешімін табуға атсалысу барысында нағыз азаматтық белсенділер ел ортасынан шықты. Гуманитарлық көмекті бөлу, тарату барысында еріктілер де ерекше үлес қосты. Мұндай халық пен биліктің ортақ мақсатына қызмет ететін азаматтық белсенділік мемлекеттің дамуы мен тұрақтылықтың орнауына ықпал етеді. Қиын сәтте іске асқан осындай бастамалар мен тиімді жүйені өзге аудандарда жүзеге асыруға пайдаланамыз. Бұдан бөлек үкіметтік емес ұйымдардың бірі мүмкіндігі шектеулі жандардың мұңын мұңдаса, ендігі бірі экология мен тұтынушылардың жоғын жоқтайды. Өзге де салаларда атсалысады. Сондықтан ұйымдармен бірлесе қызмет еткен жағдайда ғана қоғамдық күшке айналып, нәтижеге қол жеткізе аламыз»-деп атап өтті. Ал «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігінің төрағасы Шәріпбек Жамалбекұлы«Үкіметтік емес ұйымдарға қолдау көрсетуге арналған азаматтық орталықты ұйымдастыру мен дамыту» жобасын жетілдіруді, аудандардағы ақпараттық ресурстық орталықтарының әлуетін арттыруқажеттілігіне, өңірдегі 700-ден астам ҮЕҰ-дың ортақ базаға тіркеу мәселесіне, үкіметтік емес секторын дамытуға баса тоқталды. Мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың арасында тиімді ынтымақтастықорнату негізінде жұмыс сапасын арттыруға бағытталған кеңес отырысында «Береке» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Р.Абдуллаева, «ЭКО Атамекен» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Г.Ниязова, «Жалын» жастар ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасыҚ.Керімбеков, Қазақстан Республикасы «Чернобыль Одағы» облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Әшірбаев сынды азаматтар Түркістан облысының үкіметтік емес ұйымдарына, бастама топтарына, белсенді тұрғындарына оқыту және консультациялық қызметтер көрсету жұмысын күшейтуді, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде қаржыландыруды қоғамның аса қажетті салаларына бағыттауды, ашықтықпен жұмыс жүргізуді, аудандардағы үкіметтік емес ұйымдардың тұрғындармен тікелей байланысу маңыздылығын ерекше атап өтіп, өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Осы тұста айта кетерлігі, Түркістан облысы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және ынтымақтастықжөніндегі Кеңестің кезекті отырыстары алдағы уақытта аудан, қалаларда ұйымдастарылатын болады. «Азаматтық қоғам, оның ішінде Үкіметтік емес ұйымдар – демократияның ажырамас бөлігі» деп айтып өткен болатын. Мемлекетіміздің өсіп-өркендеуі, қоғамдық сананың жаңғыруы азаматтардың белсенділігі арқылы жүзеге асатаны анық. Бүгінгі таңда еліміздегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үкіметтік емес ұйымдар белсене араласуда.  Үкіметтік емес ұйымдар кішкентай балалардан бастап қарттарға дейін, азаматтардың барлық мәселесін шешуге үлес қосады. Қазақстанда қоғамдық бірлестіктер мен қорлар саны алғашқы құрылған 1994 жылы 500 ҮЕҰ болса, 2001 жылы оның саны 1767-ге жетті. Ал 2010 жылы – 12785, 2016 жылы 18 092 болып көбейді. Үкіметтік емес ұйымдардың мұндай көрсеткіште өсуі олардың қызметтеріне деген сұраныстың нәтижесі екенін көрсетеді. Себебі ҮЕҰ кез келген мәселеге бастамашыл болып, өзекті мәселелерді шешуге атсалысады. Енді олардың қаражатты қайдан алатынына тоқталайық. Ашық дереккөздерге сүйенсек, үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі өз қызметін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен 29,3% және 23,6% халықаралық гранттармен қаржыландыру есебінен жүзеге асыратынын көре аламыз. Жоғарыда айтқанымыздай, 16 жыл ішінде, яғни 1994 жылдан бастап 2020 жылға дейін ҮЕҰ саны өскен, ал үкіметтік емес секторды қолдау мақсатында әлеуметтік тапсырыстарға мемлекет бөлетін қаржыландыру сомасы 10,7 млн теңгеден 20,3 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Дәлел айтсақ, 2018 жылы ҮЕҰ-ды жыл сайынғы шетелдік гранттармен қаржыландыру шамамен 5 млрд теңгеге жеткен.

Бүгінде Қазақстанда 22 000-нан астам қоғамдық ұйым тіркелген. Тізімдегі ұйымдардың барлығы бірдей белсенді емес. Дегенмен, ratel.kz ақпараттық порталының мәліметінше, биыл мемлекет тарапынан үкіметтік емес ұйымдардың өткізетін шараларына, арнайы гранттық жүйелері үшін 1,8 млрд теңге бөлінген. Бұл ретте мынадай сұрақтар туындауы заңды: Бөлінген қаражат қайда жұмсалып жатыр? ҮЕҰ-дар мемлекет үшін қандай іс-шаралар атқарып жүр? Жалпы үкіметтік емес ұйымдардың басым бөлігі жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауға бағытталған. Бұдан бөлек білім беру,  ақпарат, спорт және халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау бағыттарында қызмет етеді. Жалпы республикамыз бойынша ҮЕҰ ең аз қызмет еткен бағыт ретінде демография мәселелерін шешу бағытын атап өтуге болады. Қазақстанда үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі Нұр-Сұлтан  қаласында байқалады. Бұған негізгі себеп – ҮЕҰ қызметінде белсенділік танытатын республикалық және халықаралық ұйымдардың, сонымен қатар шетелдік қор өкілдіктерінің шоғырлануы. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда 2726 үкіметтік емес ұйым тіркеуде. Бұл – еліміздегі 22 398 үкіметтік емес ұйымның 12%-ы болады. Азаматтық қоғамда әлеуметтік мәселелерді шешуде «үшінші сектор» атанған үкіметтік емес ұйымдардың рөлі айтарлықтай зор.  «Үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар бүгінгі күннің өзінде Қазақстандағы құқық қорғау қызметінде де және қоғамды әлеуметтік тұрақтандыруда да үлкен рөл ойнайды. Әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыруға, жекелей алғанда, грант жүйесі арқылы, байыпты мемлекеттік қолдау қажет. Бұл орайда да ауқымды жұмыстарды бастайтын уақыт жетті», – деп атап өткен еді. 2020 жылдың сәуір айындағы мәліметке сүйенсек, еліміздегі белсенді 16,4 мың ҮЕҰ  түрлі бағыттар бойынша өз қызметін жүзеге асырып келеді. Байқап қарасақ, халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау мен спорт бағытындағы үкіметтік емес ұйымдар саны едәуір көп. Демек, еліміздегі осы саланың түйінді мәселелері де айқын шешілуде десек болады. Биыл үкіметтік емес ұйымдарды қолдауда қандай өзгерістер бар? Биыл шілде айында «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасы» бекітілді. Бұл тұжырымдама мемлекеттік бағдарламалар мен бастамаларды әзірлеуге және іске асыруға қоғамның қатысу жүйесін дамытуды, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатты жетілдіруге жәрдемдесуді, мемлекеттің, бизнес пен азаматтық қоғамның әріптестігі жүйесін нығайтуды, азаматтық қоғамның орнықтылығын арттыруды, сондай-ақ оның одан әрі саяси трансформациясы мен жаңғыртылуын көздейді. Үкіметтік емес ұйымдарды гранттар мен сыйлықтар арқылы толықтай мемлекет қаржыландырады. Осылайша, 2020 жылға 1,8 млрд теңгеге грант беру көзделген. Атап айтар болсақ, жастар саясаты мен балалар бастамаларын қолдауға 554,1 млн теңге, 305,4 млн теңге азаматтық қоғамды дамытуға, 231,5 млн теңге білім, ғылым, ақпарат, дене шынықтыру және спорт саласындағы мақсаттарға қол жеткізуге; 214,2 млн теңге қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуға; 114,6 млн теңге халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдауға бөлінген. Мемлекетімізде үкіметтік емес ұйымдардың маңызы зор. Себебі ҮЕҰ-да жұмыспен қамтылғандардың саны еңбекке қабілетті халықтың шамамен 30% -ын құрайды. Демек, ҮЕҰ арқылы жұмыссыздықты жою мүмкіндігі де жоғары. ҮЕҰ еліміздің кез келген саласының дамуына ықпал ететін ресурс саналады. ҮЕҰ-дағы жұмсалатын бюджеттің жыл сайынғы тұрақты өсуі олардың қызметі сұраныста екенін білдіріп отыр. Елімізде үкіметтік емес ұйымдардың дамуы үшін жыл сайын әлеуметтік тапсырыс шеңберінде түрлі жобаларжүзеге асады. Яғни, олар әлеуметтік мәселелерді шешуге, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандардың ахуалын, ардагерлер, балалар мен аналар институтын қолдау,  адамдар мен жануарлар құқығын қорғау, т.б. көмектеседі. Біз айтып отырған арнайы тапсырыс арқылы ҮЕҰ-дар  өздерінің құрылған бағытына сай нақты мәселелерді шешумен айналысады. Осылайша, ортақ әріптестік арқылы ҮЕҰ-дар мемлекеттік мәселелерді шеше отырып, түрлі қоғамдағы істерді жүзеге асыруға қатысады. Ізгі қоғам құру шынайы құндылықтардың бағасы артып, сананың жаңғыруына ықпал етеді. Азаматтардың белсенділігі, бір-біріне қол ұшын созуы «қайырымды қоғамның» салтанат құруына сеп болады. Бәсекеге қабілетті, ғылым-білімге құштар, отаншыл жастардың өсуі мемлекет дамуының кепілі.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin