• 20 мая, 2024 5:15 дп

Кәсіподақ – азаматтық қоғамның бастауы!

Автор:admin

Авг 30, 2023

Мақалада елімізде және әлемде кәсіподақтардың қалыптасу кезеңдері туралы баяндалады. Қазіргі заманғы қоғамдық бірлестік ретінде, кәсіподақтардың қағидаттары, негізгі функциялары және құқықтық мәртебесі зерделенген. Авторлар әлемдік тәжірибеге сүйене отыра, жоғарыдағы қоғамдық бірлестік жұмысын жетілдіру жолдарын ұсынады. Азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекетті дамытпай демократияны, керісінше демократияны одан ары қарай дамыту үшін азаматтық қоғамды мен құқыктық мемлекетті жетілдіруіміз қажет. Сонда бұлар қазіргі демократия теориясы мен практикасында бұлар бір-бірінен ажырағыссыз, эволюциялық ұғымдар. Біреуі екіншісіз өмір сүруі мүмкін емес және олардың эволюциялық жолмен дамуынан басқа жол жоқ. Азаматтық қоғамның институттарына мемлекеттен тыс, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық қозғалыстар, бірлестіктер, бұқаралық ақпарат құралдары жатады. Ол өзінің дамуында құқықтық мемлекет пен демократияға барынша ықпал жасайтын институттардың бірі. Азаматтық қоғамның мемлекеттік, үкіметтік емес, қоғамдық бірлестіктерден тұратындығы белгілі. Оның сондай институтарының бірі кәсіподақтар. Кәсіподақтардың негізгі мақсаты еңбек қатынастары және одан туындайтын басқа да қатынастар саласындағы жұмысшылардың мүддесін қорғау. Кәсіптік одақтар — азаматтардың өз кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай — ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру мен оларды қорғау, еңбек жағдайларын жақсарту үшін ерікті түрде құратын дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер. Үлкен кәсіпорындарда адамның санына байланысты дербес кәсіподақ ұйымы және оның аппараты болады. Өзінің пайда болған кезінен бастап-ақ қызметі мен құрылымы бойынша өзгеріп, екі жүз жылдық тарихында кәсіби одақтар ерекше қоғамның құбылысы ретінде қабылданып келеді. Ең алдымен, кәсіби одақтар өзінің ұжымдық құқықтары мен мүдделерін қорғауға арналған жұмыскерлер ұйымы ретінде пайда болды. Кәсіподақтар Батыс Eypona мен АҚШ-та өзара көмек қоғамдары ретінде 18 ғасырдың аяғында пайда болды. Францияда жұмысшы қоғамдары, АҚШ-та жұмысшы қауымдастықтары құрыла бастады. Германия мен Еуропаның басқа да елдерінде 19 ғасырдың 30 — 40 — жылдары құрылған жұмысшы қауымдастықтары жұмыскерлердің еңбек ету жағдайларын, жалақысы, тұрмысы, мәдениеті, демалысы, тағы басқамұқтаждары салаларындағы мүдделерін қорғауды көздеді, олар нақты істерімен өздерінің дербес саяси күш екендігін көрсетті. Дамыған елдерде кәсіподақтар 19 ғасырда заңдастырылды. 1905 жылы кәсіподақтардың одақаралық органдары — Орталық бюролар құрылды. Aca ірі халықаралық орталықтары: Кәсіподақтардың дүниежүзілік федерациясы, Ерікті кәсіподақтардың халықаралық конфедерациясы және Дүниежүзілік еңбек конфедерациясы. Ресейде кәсіподақтар 1905-1907 жылғы төңкеріс кезінде қалыптаса бастады. Қазақстанда да кәсіподақтар осы кезеңде құрыла бастады. Қазақстан арқылы өтетін Орынбор — Ташкент, Орынбор -Самара темір жолының, Қарағанды, Орал кеніштері мен кәсіпорындары жұмысшыларының әкімшілік алдына экономикалық талаптар қою үшін ұйымдасуы кәсіподақтардың алғашқы үлгілері еді. Қазан төңкерісінен кейін кәсіподақтардың рөлі түбегейлі түрде өзгерді. Олар жартылай жария ұйымдардан жұмыскерлердің ірі бірлестіктеріне айналды. Кәсіподақтардың міндеттері мен қызметтеріне жаңа сапалық сипат берілді. KCPO кәсіподақтарының мақсаттары, ұйымдық құрылымы, күллі практикалық жұмысы «пролетариат диктатурасының орнауы» жағдайына бейімделіп белгіленді, оларға «коммунизм мектебі» болу, билік жүргізуші саяси ұйымға көмектесу міндеті жүктелді. Кәсіподақтар қозғалысы бұқаралық сипатқа ие болды. 1921 жылы 25 — 28 қаңтарда Орынборда кәсіподақтардың Қазақ өлкелік 1- кеңесі болып өтті. Осы кеңесте Кәсіподақтардың бүкілодақтың орталық кеңесінің (ВЦСПС-тің) Қазақ бюросы құрылды. Бюроның ұйымдастыру, экономика және нормалау бөлімдері болды. 1921 жылы 17 — 22 қазанда Орынборда Қазақстан кәсіподақтарының 1-конференциясы өтті. Оның жұмысына 47 делегат қатысты.Кәсіподақтар кеңестік қоғам тарихындағы барлық кезеңдерде сан-салалы жұмыс жүргізіп, Кеңестік жүйедегі алға қойылған нақты міндеттерді шешуге белсене ат салысты. 1957 жылы қаңтарда KCPO Жоғары Кеңесі Төралқасы «Еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережені» бекітті. Бұл ереже бойынша, фабрика-зауыт жергілікті комитеттеріне (ФЗМК), бір жағынан, жұмысшылар мен қызметшілер, екінші жағынан, өндіріс әкімшіліктері арасындағы еңбек дауларын тікелей қарау құқығы берілді. 20 ғасырдың 60-жылдары мемлекет әлеуметтік сақтандыру және еңбек заңдарының сақталуын, еңбек қорғау мен қауіпсіздік техникасын мемлекеттік қадағалау кәсіподақтарға жүктелді. Еңбек пен жалақы мәселелері жөніндегі мемл. шешімдер кәсіподақтардың қатысуымен қабылданды. Олар Кәсіподақтардың бүкілодақтың орталық кеңесі мен кәсіподақтардың республика кеңестері арқылы заң шығару бастамашылығы құқығын пайдаланды. Мысалы, зейнетақы, жұмыс күнін қысқарту туралы заңдар, еңбек дауларын қарау тәртібі туралы ережелер, жалақысы аз жұмысшылар мен қызметшілерге жалақыны көбейту туралы, жұмысшылар мен қызметшілердің ұжымдық бау-бақша шаруашылығы туралы қаулылар кәсіподақтардың бастамашылығымен немесе белсене қатысуымен қабылданды. Әкімшілік кәсіподақтардың фабрикалық, зауыттық, жергілікті комитетінің келісімінсіз, өз бастамасымен жұмысшылар мен қызметшілерді жұмыстан шығара алмайтын, тұрғын үйлерді белу, тағы басқатуралы шешім қабылдай алмайтын болды. Кәсіподақтар әкімшіліктің еңбек туралы заңдарды және еңбек қорғау жөніндегі нормаларды жүзеге асыруына бақылау жүргізді; олардың техникалық және құқықтық инспекциялары қызметін атқарды. Жұмысшылардың, қызметшілердің, ұжымшар еңбекшілерінің әлеуметтік сақтандырылуын басқару қызметі кәсіподақтарға жүктелді, шаруашылық есептегі санаторийлер мен демалыс үйлерінің бәрі солардың қарауына берілді. Кеңестік дәуірде бастауыш кәсіподақ ұйымдары кәсіподақтардың негізі болатын. Олар өндірістік принцип бойынша құрылды. Олардың әрқайсысы бір кәсіпорында, кеңшарда, ұжымшарда, мекемеде жұмыс істейтін немесе бір оқу орнында оқитын кәсіподақ мүшелерінен тұрды. Әрбір кәсіподақ халық шаруышылығының бір немесе бірнеше саласының жұмысшылары мен қызметшілерін біріктірді. Әрбір салалық кәсіподақтың өзінің съезінде сайланатын жеке Орталық кәсіподағы болды. Салалық кәсіподақтардың көбісінде өздерінің республикалық, өлкелік, облыстық, қалалық және ауданы комитеттері болды. Республикаларда, өлкелерде, облыстарда одақаралық органдар — кәсіподақ кеңестері жұмыс істеді. Кәсіподақтардың съездері олардың жоғары органы болып есептелді. KCPO- ның барлық кәсіподақтарының жұмысына Кәсіподақтардың бүкілодақтың орталық кеңесі басшылық етті, ол KCPO кәсіподақтарының съезінде сайланды және соған есеп берді. KCPO кәсіподақтары Дүниежүзілік кәсіподақтар федерациясының қызметіне қатысты, 128 елдің кәсіподақ орталықтарымен байланыс жасап тұрды. KCPO ыдырап, егеменді ТМД елдерінің нарықтық экономикаға көшуі жағдайында кәсіподақтар тоталитарлық жүйенің құрамдас бөлігі болған ұйымдардан дербес қоғамдық құрылымдарға айналды. Жаңа кәсіподақтар, көбінесе, кәсіптік белгісіне қарай құрылуда. Қазіргі күні кәсіптік одақтар қызметкерлер өмірінде үлкен рөл атқарады. Кәсіптік одақтар қызметкерлер құқықтары мен мүдделерін сақтауға ерекше кепілдердің бірі болды және болып табылады. Түрлі-деңгейдегі кәсіптік одақтар еңбек және әлеуметтік қатынастармен байланысты, түрлі салалардағы олардың ұсынуы мен қорғауын қамтамасыз етеді және қызметкерлер мүдделерін қалыптастырады және тұжырымдайды. Кәсіптік одақ бұл — қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерін жарғылық та псы риала рға сүйене отырып ұсынатын және қорғайтын қоғамдық бірлестік. Кәсіптік одақтар — өз мүшелерінің еңбек, және тағы да басқа әлеуметтік- экономикалық мүдделерін ұсынуға және қорғауға арналған, олардың кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде, азаматтармен ерікті түрде құрылатын өздік, бекітілген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі мерзімде азаматтық қоғамның институттарының дамуында жаңа кезең пайда болды. 1993 жылы 9 сәуірде № 2107-ХІІ «Кәсіптік одақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды [5]. Заңда Қазакстан Республикасындағы кәсіптік одақтар Қазақстан Республикасындағы кәсіптік одақтар (кәсіподақтар) дербес, тіркелген жеке мүшелігі бар қоғамдық бірлестіктер, оларды дерінің кәсіптік мүдделерінің ортақтығы негізінде өз мүшелерінің еңбек ету, сондай — ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қорғау, еңбек жағдайларын қорғау мен жақсарту үшін ерікті түрде құратындығы көрсетілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасында кәсіподақтардың құқықтық статусы Қазақстан Республикасы Конституциясымен (5, 23 баптары.), Еңбек туралы заңдар кодексімен, Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы, халықтың зейнетақымен қамсыздандырылуы туралы заңдармен, басқа да заңдармен айқындалады. Кәсіподақтар өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңнамасы және халықаралық актілер мен келісімдерде бекітілген өзге де заң нормалары шеңберінде, өздері қабылдаған жарғыларға сәйкес, мемлекет органдар мен саяси, қоғамдық ұйымдардан тәуелсіз жағдайда жүзеге асырады. Олармен өзара қарым-қатынастарын әріптестік пен құрметтеушілік, сұхбаттастық пен ынтымақтастық негізінде құрады. Кәсіподақтардың құқықтарын шектейтін немесе олардың заңда көзделген құқықтарын жүзеге асыруына кедергі жасайтын қандай да болсын араласушылыққа тыйым салынады. Кәсіподақ өз мүшелерінің мемлекет және шаруашылық құрылымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіпкерлермен қарым-қатынасындағы құқықтары мен мүдделерін білдіріп, қажет болған жағдайда бұларды қорғауға жәрдемдеседі. Ұжымдық шарттар мен тиісті деңгейдегі тарифтік келісімдер жасасады; олардың арасындағы жекелей және ұжымдық еңбек дауларын шешуге көмектеседі. Кәсіподақ пен жұмыс беруші арасындағы даулар бойынша түпкілікті шешімдерді сот шығарады. Қазақстанда, негізінен, федерацияға біріккен. Кәсіподақ бірлестіктері-қоғамдық бірлестіктерге жеке мүше болатын азаматтар тарапынан қоғамдық кәсіби көзқарастары бойынша өз еркімен құрылған өз бетінше әрекет ететін қоғамдық бірлестіктер. Кәсіподақтардың негізгі міндеті өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтарын қорғау және еңбекті қорғау мен еңбек жағдайын қорғау болып табылады. Кәсіподақтар еңбек құқының арнайы субьектісі болып табылады. Бір жағынан кәсіподақ құрудың жалпы құқықтық режимі, олардың құқықтық субьектілігі, негізгі мендеттері мен құқықтары, сондай-ақ оларды іске асырудың кепілдіктері Қазақстан Республикасындағы қоғамдық бірлестіктер туралы заңдылығының жалпы ережесінен туындайды, ал екінші жағынан-кәсіподақтар жүйесінің кейбір звеноларының статусы мен өкілеттігі- структурасы анықталады, оның ішінде алғашқы кәсіподақ комитеттерінің, салалық, аумақтық басқа да кәсіподақ органдарының өкілеттігі мен статусы. Кәсіподақтың міндеттері мен онң функциясының еңбекті қоғамдық ұйымдастыру мәселелерімен байланысты екені белгілі. Экономикалық қайта құру жағдайында кәсіподақтардың еңбек құқығы субьектісі ретіндегі ролі артуда, себебі құқықтың аталған саласы еңбекті ұйымдастыру мен оның жағдайын реттеумен, жалданушы еңбектің еңбек құқықтарын заңдылық мүдделерін қорғаумен байланысты. Кәсіптік одақтар қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсынудың және қорғаудың маңызды кепілдердің бірі болды және болып қалады. Бұрын кәсіптік одақтың негізгі функциясына түрлі материалдық және әлеуметтік игіліктерді белу болатын. Осы функциясы арқылы елге танымал да болды. Еңбекшілердің арасында демалыс жолдамаларын бөлуімен танылды. Ал қазіргі кезде кәсіптік одақтың негізгі мақсаты бұл — қызметкерлердің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін ұсыну және қорғау болып табылады. Кәсіптік одақтың жұмысы келесі принциптер бойынша құрылған: еріктілік, азамттардың кәсіптік одақ мүшелігіне ерікті түрде өз еркін білдіруді жорамалдайды; дербестік, кәсіптік одақтардың заңды тұлға ретінде құқықтық қатынастар субъектісі болуы н көрсетеді; азаматтардың бейкоммерциялық бірлесу сипаты; кәсіподақ мүшелігінің белгіленуі; кәсіптік одақтарғы бірлескен кезде азаматтардың кәсіби және өндірістік мүдделері бойынша ортақтығы; өз мүшелері құқықтары мен мүдделеріне өкілдік және қорғау. Қай заманда болмасын, әр түрлі қыр жағынан жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғау әрдайым ең күрделі және соңына дейін шешілмеген мәселелердің бірі болып қалады. Жұмыскерлердің, яғни еңбекшілердің еңбек құқығын қорғау мәселелері әсіресе нарықтық қатынас жағдайындағы әлеуметтік мәні зор. Елімізде жалдамалы жұмыскерлердің еңбек құқығын қорғаудың әділ және тиімді жүйесін құру қажеттілігі туындап отыр. Қазақстан Республикасы Конституциясының 12 және 76 баптарына сәйкес, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, тану, сақтау мемлекеттің міндеті болып табылады. Адамның ар — намысы, қадір — қасиетіне қолсұғылмаушылық ҚР Конституциясының 17-ші бабымен бекітілген[6]. Адамның қадір — қасиеті деп адамның саналы түрде қоршаған орта айғақтарын адамгершілік құндылықтар және санаткерлік сапа тұрғысынан сезінуін айтамыз. Адамның қадір — қасиеті оның қоғамдағы жағдайымен, өмірлік бейнесімен, кәсібилігімен, басқа да жағдаяттарға деген мүддесімен байланысты. Адамның қадір — қасиеті оның әлеуметтік құндылықтарына қарамастан қорғалады және ешқандай жағдай оны басуға кедергі бола алмайды. Адам қадір — қасиетінің мемлекет тарапынан қорғалуы жеке өмірге мелекеттік органдар, оның лауазымды тұлғалары, сонымен қатар басқа да азаматтар тарапынан қолсұғылмаушылық негіздері анықтамасынан көрінеді. Адамның жеке басының бостандығына деген құқық кез келген эрекетпен айналысу, белсенділік таныту немесе мәжбүрлеу мен шектеуден бас тартуды білдіреді. Адамның қадір-қасиетіне деген қол сұғылмаушылық ҚР Конституциясының 17-бабында бекітілген. Адамның қадір-қасиетінің астарында адамның өзінің және оның айналасындағылардың зияткерлік және өнегелі қасиеттерінің құндылықтарын меңгеру айғағы жатыр. Адамның қадір-қасиеті оның қоғамдағы алатын орнына, өмір салтына, іскерлігіне, қызығушылықтары мен басқа да жағдайларға байланысты болады. Кез келген адамның қадір-қасиеті оның әлеуметтік құндылықтарына қарамай заңды қорғалуға жатады. Мемлекеттің адамның қадір-қасиетін біреудің озбырлық жасауынан қорғап отыруы — мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың және басқа да азаматтар тарапынан жүзеге асады. «Қадір-қасиет», «ар-ұждан» ұғымдары, әлеуметтік маңызды әрекеттердің жүзеге асуымен байланысты болып келетін, этикалық нормалардың негізінде түсіндіріледі. Олар, азаматтық-құқықтық және қылмыстық-құқықтық әрекеттердің, қадір-қасиеті пен ар-ұжданына қол сұғылған тұлғаға қатысты қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан, мемлекеттің қылмыстық заңнамасы адамның қадір-қасиетіне қарсы жасалған қылмыстың құрамын қарастыра келіп, тұлғаның аты және оның мүліктік емес қызығушылықтарын қорғайды. Конституция мен өзге заңнамалар, заңды әрекеттер мысалы, әр түрлі тергеу әрекеттері, тексерулер, тінту әрекеттері мен арест т.б. барысындағы адамның қадір- қасиетіне қол сұғылмаушылықтың міндеттемелерін қатаң белгілейді. ҚР Конституциясының 17-бабы бойынша: «Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды. Ешкімді азаптауға, оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамдық қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды». Мәжбүрлеу және өзге жауыздық, айуандық пен қадір- қасиетті құртатын жаза түрлеріне қарсы Конвенцияны Қазақстан Республикасы 1998 жылы бекітті. Ол бойынша, кез келген әрекет ретінде мәжбүрлеу, қасақана жасалған ауыртпалық пен қайғы әкелген адам, өзінің жасаған әрекеті үшін, міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс. Әркімнің жеке өміріне қол сұғылмаушылық.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin