• 16 мая, 2024 5:41 дп

Азаматтық қоғам мен мемлекеттің мүмкіндіктері тең!

Автор:admin

Июл 20, 2023

Азаматтық қоғамда азаматтардың мемлекет алдындағы міндеттері, шын мәнісінде, заңға бағынушылық пен салықтар төлеуге саяды. Алайда бүлар, бір жағынан, мемлекеттің өмір сүруін және тиімді қызметін камтамасыз ететін, екінші жағынан, тұлғаның қоғамдағы анық және тең әлеуметтік-құқықтық мәртебесін анықтайтын міндеттері болатын. Әлбетте, нақты жағдайлар мен қарым-катынастарда азаматтардың қоғамдық, еңбек, кәсіпкерлік және басқа да іс-әрекетімен қызмет, әскери, отбасы парыздарын орындаумен байланысты басқа да міндеттердің пайда болуы әбден мүмкін. Азаматтық қоғам — бұл саясатсыздандырылған және идеологиясыздандырылған қоғам. Оған идеологиялық монополизм мүлдем жат. Бұл -еркін демократиялық, құқықтық, әлеуметтік, өркениетті қоғам. Онда жеке билік режиміне, басқарудың волюнтаристік әдістеріне, таптық өшпенділіккедоталитаризмге, адамдарды күштеуге орын жок. Мұнда керісінше, заң мен моральді, ізгілік пен әділдік, демократия мен тең құқықтық принциптерін құрметтейді. Көпшілікке мәлім, еліміздегі өзекті мәселелердің бірі – азаматтық қоғам құру.Бұл біз үшін мазмұны өте күрделі және бәріміз үшін ұлы тарихи мәні бар жаңа ұғым.Азаматтық қоғамға деген ықылас саясаткерлер арасында ғана емес, бүкіл зиялы қауым өкілдері арасында да күшейіп отыр.Қалың жұртшылық қатты зейін қойып отырған осы азаматтық қоғам дегеніміздің өзі не?Азаматтық қоғам деген ұғым нені білдіреді? Саясаттану сөздіктерінде азаматтық қоғамның анықтамасы біркелкі емес.Бірақ ғалымдар арасында қалыптасқан анықтама мынаған әкеп саяды.Азаматтық қоғам дегеніміз мемлекеттен тәуелсіз және онымен қатар өмір сүретін қоғамдық өмірдің айрықша саласы, ол әртүрлі әлуметтік топтардан, бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, кәсіби және басқа қауымдастықтардан құралады. Бүгінгі күні азаматтық қоғам түсінігіне отбасы, мемлекеттің құрылымдарының арасын толтыратын қоғамдық топтар мен ұйымдар кіреді.Бір сөзбен айтқанда, азаматтық қоғам дегеніміз – азаматтардың мемлекет бақыламайтын және оған есеп бермейтін өмір саласы. Азаматтық қоғамның дамуы қоғамның барлық мүшелерінің тепе – теңдігінің әмбебаптық қағидаттарына құрылған.Азаматтық қоғам өз азаматтарының құқықтарын таниды және қамтамасыз ете алады. Азаматтық қоғам жеке адам мен мемлекеттің мүмкіндіктерді тең болып, заңмен айқындалған жағдайларда азаматтар заң алдында мемлекетке теңдесуі мүмкін кезеңде өмір сүреді. Бүгінгі қолданыста азаматтық қоғамның мынадай анықтамасы кеңінен кездесіп жүр.Ол: азаматтық қоғам адамдардың өз еркімен құрылған ассоциациясымен ұйымдарының саласы, олар белгілі заңдар арқылы мемлекеттік билік органдарының тарапынан араласуды, қол сұғуды мойындамайтын, мемлекетке тәуелсіз институттардың жиынтығы. Азаматтық қоғам мемлекет әлеуметтік құрылымдардан бөлініп, қоғамдық өмірдің салыстырмалы түрде дербес саласы ретінде оқшауланған кезде пайда болады.Азаматтық қоғамның қалыптасуы жаңа заманнан басталып, бірнеше ғасырға созылды.Бұл үрдіс әлі бір мемлекетте толық аяқталған жоқ.Азаматтық қоғам белгілі бір жағдайларда ғана пайда болады.Азаматтық қоғамды құру үшін мемлекеттің өзі құқықтық болуға тиісті.Құқықтық мемлекет азаматтық қоғамға қарсы тұрмайды, керісінше оның әрекет етуі мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар туғызады.

Азаматтық қоғамның белгілері:

— Құралдар өндірісі иелерінің болуы;

— Заң үстемдігін жариялау және сақтау;

— Нақты қызмет істейтін және тиімді үкіметтік емес ұйымдардың өмір сүруі;

— Әр түрлі адамдар мен әр түрлі көзқарастағы тұрғындардың шыдамды болуы.Бұл қоғамдағы плюрализм деп аталады;

— Бірде – бір топтың заңсыз үстемдікке жетуін болдырмау.Егер мемлекеттің қоғамында осы аталған топтардың барлығы табылса ғана мықты азаматтық қоғам құруға болады.

Азаматтық қоғам адамдардың белсенділігін арттырады.Саяси ғана емес, әлеуметтік, рухани, адами қабілеттері мен мүмкіндіктерін толық іске қосуға кеңінен жағдай жасайды.

Сонымен азаматтық қоғамның қағидаттары мен қалыптасуы және өмірлік іс — әрекеті мыналар болып табылады:

  1. Экономикалық еркіндік, меншіктің көпнысандылығы, нарықтық қатынастар.
  2. Адам мен азаматтың табиғи құқықтарын сөзсіз тану және қорғау.
  3. Биліктің заңдылығы және демократиялық сипаты.
  4. Заң мен сот төрелігі алдында жұрттың барлығының теңдігі.
  5. Билік тармақтарының бөлінуі және олардың өзара іс-әрекеті қағидаттарына құрылған құқықтық мемлекет.
  6. Саяи және идеологиялық көптүрлілік, жариялы оппозицияның болуы.
  7. Сөз бен баспасөз бостандығы, бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі.
  8. Мемлекеттің азаматтардың жеке өміріне араласпауы, олардың өзара міндеттері мен жауапкершілігі
  9. Таптық дүние, әріптестік және ұлттық келісім.
  10. Өмір сүрудің тиісті деңгейін қамтамасыз ететін тиімді әлеуметтік саясат.

Азаматтық қоғам құру мәселесі кеңестік жүйенің құшағынан шыққан елдердің бәрінде де кеңінен сөз болуда.Азаматтық қоғамның тұжырымдамасын жасап, оның мәнін, мазмұнын, қызметі мен құрылымын анықтауға, азаматтық қоғам институттарын жетілдіруге және оның мемлекеттік органдармен қарым – қатынасын айқындауға барынша белсенді талпыныс жасалуда. Демократия мен азаматтық қоғам мәселелері жөніндегі ұлттық комиссия Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының жобасын жасап, баспасөзде талқылауға ұсынған болатын.Бұл тұжырымдаманы Демократиялық реформалардың бағдарламасын әзірлеу және нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия қайта қарап, оған түзетулер мен өзгерістер енгізіп, Елбасының қарауына ұсынды.

Бір сөзбен айтқанда, азаматтық қоғамға деген ықылас саясаткерлер арасында ғана емес, бүкіл зиялы қауым өкілдері арасында күшейіп отыр.Олар еліміздегі демократияландыру үдерісін осы азаматтық қоғамның дамуымен байланыстыруда.Мұның себебі, азаматтық қоғамды демократияның негізгі атрибуты ретінде қарау қазір кеңінен қолдау тауып отыр.

Көпшіліке мәлім, бұл күнде бізде азаматтық қоғам құруды мақсат етіп отырмыз.Шындығына салсақ, мемлекет дүниеге келгенге дейін де азаматтық қоғам болған.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар өмірі азаматтық қоғам негізінде реттелген.Тіршілік пен адамдар арасындағы қатынасты азаматтық қоғам институттары жүзеге асырған.

Өндіргіш күштердің пайда бола бастауымен, жеке топтар мен отбасылардың қолында артық өнімдердің шоғырлануы жеке иемденуді, жеке меншікті туғызды. Осы меншікті қорғау, оған деген меншік иелерінің құқығын сақтау, меншіктер арасындағы қатынасты реттеу қажеттілігі саяси күштің – мемлекеттің пайда болуына әкелді.

Мемлекеттің іргесі қаланып, оның құрылымдық шарттары нығая бастаған кезде бұрынғы азаматтық қоғам институттары ығыстырылды. Қоғамды басқару мемлекет қолына қөшті. Мемлекет нығая келе, азаматтық қоғамның қызметтерін шектеп, біртіңдеп олардың аясын тарылтты. Абсолютизм тұсында, тоталитарлық билік кезінде азаматтық қоғамның сүлдесі ғана қалды.

Дамудың демократиялық жолына түскен мемлекеттерде, оның ішінде Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастыруға, оның институттарын дамытуға бағыт ұсталып отыр. Азаматтық қоғам құруды елді демократияландырудың басты шарты деген көзқарас адамдар арасында бүгін берік қалыптасты.

Азаматтық қоғам адамдардың сөз, жиналыс, еркін пікір айту, өз ойын ашық жеткізу, төл құқығын қорғай білу, еңбек ету, оқып- білім алу, әлеуметтік жағынан қорғалу, өзінің адами қажеттіліктерін қанағаттандыру деген құқықтарын қамтамасыз етеді.

Кез келген адам белгілі аумаққа иелік еткен елде өмір сүреді. Бұл ел демократиялық, жартылай демократиялық, монархилық немесе авторитарлық, империялық немесе тоталитарлық мемлекет болуы мүмкін. Мемлекеттің өз конституциясы, рәміздік белгілері бар.Ол Конституция негізінде елді, қоғамды басқарады, оның қалыпты өмір сүруін, еңбек етіп, материялдық, рухани игіліктерді дүниеге келтіруін, жасампаздық істерді жүзеге асыруын, елдің ішкі- сыртқы қауіпсіздігін, бір сөзбен айтқанда, азаматтардың өркениетті өмір сүруін қамтамасыз етуге басшылық етеді.

Азаматтық қоғам мемлекетке билікті немесе жеке адамның құқықтарын иеленіп кетуге мүмкіндік бермейтін бағдарлар жүйесін құруы тиіс.

Азаматтық бостандық дегеніміз – баспасөздің, радио мен телевидениенің бостандығы, сөз бостандығы.

Тиісті шарттарға сай ұйымдастырылған азаматтық қоғам заңдылық пен конститутцияның шеңберінен шығып кетпеуі үшін мемлекеттің іс — әрекетін бақылап отырады.Ол мемлекеттен заңдардың орындалуын талап етеді.Азаматтық қоғам – мемлекеттің демократиялық дамуының кепілі.

Азаматтық қоғамның белсенді мүшесі болу үшін өз мүддемізді ғана емес, айналадағы адамдардың жағдайын қарастырған жөн.Біздің мүддеміздің басқалардың мүддесімен қайшы келуі міндетті емес, керісінше, біздің мүддеміз басқаларға қызмет еткен кезде айналамыздағы адамдардың да жағдайы жақсара түседі, нәтижесінде еліміз гүлдене бастайды.Кей жағдайда «жалпыға игілік» дегенді анықтау қиын.Кейде біреулер жалпы игілікке жұмыс істеп жатырмыз дей келе басқалар үшін шешім қабылдап, өзінің дұрыс деп тапқан мәселесін басқаларға да таңуы мүмкін.Адамдар шынында да, қоғамға көмектесіп жатырмыз деп ойлайды, бірақ бұның қате болуы да мүмкін. «Қоғам» — жеке адам емес, адамдардың жиынтығы.Әр адам өзі үшін не қажет екенін өзі біледі.Азаматтық қоғам азаматтық әрекеттің саяси саладан тыс жағын қамтиды.

Қоғамда мемлекет билігінен, оның институттарынан басқа құрылымдар, топтар, қауымдастықтар да өмір сүреді.Өйткені адамдар мемлекет қабылдаған заңдар мен жарлықтарға сәйкес өмір сүргенімен, олардың бәрі бірдей мемлекеттік институттармен тегіс қамтыла бермейтіні белгілі.Қоғам мушелерінің бәрі бірдей мемлекеттік қызметшілер немесе шенеуніктер емес, олардың көбі – қарапайым азаматтар.Олардың өз қабілеттерін, мүмкіндіктерін, ерік-жігерін, саяси-адами сұраныстарын, өз талаптарын іске қосу үшін мемлекеттік институттардан басқа азаматтық қоғам құрылымдарын қажет етеді.Осы өмірлік қажеттіліктер азаматтық қоғамды талап етеді.Адамдардың арман-қиялынан емес,күнделікті тұрмыс-тіршілік қажеттіліктерінен туған феномен – бұл азаматтық қоғам болып табылады.

Қазақстанда азаматтық қоғамның дамуы еліміздегі қоғамдық өмірді демократияландырудағы жетістіктері, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам институттары арасында әріптестік қарым-қатынастардың одан әрі тереңдеуінен көрінеді. 24.11.2009ж. Қазақстанның/У Азаматтық форумда Мемлекеттік хатшы Қанат Саудабаев атап өткеніндей, Қазақстан тәуелсіздіктің алғашқы қүндерінен-ақ азаматтық қоғамды дамыту мемлекеттің ішкі саясатының маңызды бағыты болатындығын белгіледі. Бүгінде елімізде 25 мыңнан астам коммерциялық емес ұйымдар және 13 мыңнан астам үкіметтік емес ұйымдар өз қызметтерін жүзеге асыруда.

Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін факторларды төмендегінше көрсетуге болады:

— ҮЕҰ арасында өзара ықпал ету мен ынтымақтастықтың дамуы

— ҮЕҰ мүшелері санының артуы

— Демократияландырудың процесінің одан әрі жалғасуы

— Бұқаралық ақпарат құралдарының тәуелсіздігі

— Билік құрылымы жағынан азаматтық қоғамға қолдау көрсету

Қазақстан Республикасының Конститутциясының бірінші бабында былай делінген: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.»

Сөз жоқ, азаматтық қоғамның дамуы – елді демократияландыра түсудің алғышарттардың бірі.Азаматтық қоғам мен саяси мәдениеттің даму деңгейін есепке алмай жасалған кез келген демократиялық реформалар қасіретті жағдайға душар етуі мүмкін екендігін өмір тәжірибесі көрсетіп отыр.Тек реформалардың дамуына мүдделі мықты азаматтық қоғам құрылғанда ғана мұндайларға жол берілмейді.Сайып келгенде айтарымыз, үкіметтік емес ұйымдарды реформалар үдерісіне кеңінен тарту арқылы және мемлекеттің олармен қоян – қолтық ынтымақтастық жасағанында ғана елді демократияландыру стратегиясын табысты жүргізуге болады.

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin