• Сб. Окт 1st, 2022

Қазақ ономастикасының даму кезеңдері қалай жүзеге асқан?!

Автор:admin

Авг 13, 2022

Қазақ халқының рухани өмірінде айрықша орын алатын əзілсықақ, қүлкінің сипаты танылатын юмор мен сатираның тілдік табиғатын этнолингвистикалық тұрғыдан зерттеу қазақ ономастикасының қазіргі қалпын анықтауға мүмкіндік береді жəне қазақ тіл білімі үшін маңызы ерекше. Қазақ тіліндегі кейіпкер аттарының табиғатын, сипатын, қызметін «тіл-ұлтмəдениет» үштік тұтастықта жан-жақты қарастыру өзекті мəселе болып саналады, себебі қазақ танымының когнитивтік болмысы қазақ ономастикасы материалдары негізінде зерттелу енді басталып келеді. Сатиралық-юморлық кейіпкер аттары ойдан шығарылған, қиялдан туған жасанды аттар болғанымен, оның астарында қазақи мінез, əзіл-қалжың, ойлау дəрежесі, философиясы, тарихы, саясаты, мəдениеті жатыр деуге толық негіз бар. Қаламгердің ат қою мəселесіне бейжай қарамай, əр түрлі экспрессивтік бояуда жұмсауы, олардың стилін, шеберлігін көрсетеді. Автор тақырыпты ашу барысында қол жеткізген нəтижелері мен тұжырымдары қазақ поэтикалық ономастикасының дамуына айтарлықтай дəрежеде өзіндік үлесін қосады. Жұмыстың құндылығы мен күрделілігі 3000-нан астам сатиралық-юморлық кейіпкер аттарын жинап, тақырыптық жағынан топтастырып, əр аттың жасалуына, семантикасына қарай зоофорлық, фитофорлық, пейоративті, мелиоративті, антоним, синоним сипатты, этномəдени, этнопоэтикалық, сөйлем тектес, сөз тіркесі түріндегі аттар, сатиралық патронимдер, юморлық матронимдер деп қолданысқа түсіруі бұл үлкен жұмыс. Кейінгі жылдары көркем шығармалардағы жалқы есімдер əлемі зерттеушілер көңілін аудара бастады, өйткені олардың тілдегі рөлі, өзіндік құрылымы, лингвистикадан тыс жатқан этнолингвистикалық факторлары халықтың танымдық көзқарасына сəйкес əлем моделімен анықталатын ономастикалық 3 кеңістік құрайды. Қазіргі поэтикалық ономастикалық кеңістік əлеуметтік, психологиялық, тарихи жаңалықтарымен тілдің басқа лексикалық категорияларынан ерекшеленеді. Көркем мəтін кеңістігіне ономастикалық лексиканы сараптау, автор ойына негізделген жалқы есімдердің мағынасының прагматикалық компенентінің өзектілігі келіп шығады. Көркем мəтіндегі жалқы есімдерді түрлі аспектіде қарастыру үлкен қызығушылық тудырғанымен, қазақ тіл білімінде əдеби жалқы есімдер жайлы зерттеу еңбектер аз. Кейіпкер аттарының ономастикалық кеңістіктегі көлемі жəне шегі жөнінде жүйелі пайымдаулар жасай отырып, кейіпкер атарын «Адам», «Табиғат», «Қоғам» деп 3 макрожүйеге, 37 микрожүйеге бөліп, əр кейіпкер атын онимдік бірлік ретінде қарастырып, астроним, анемоним, зооним, ойконим, фитоним, экзоним, дигитоним, мифоперсоним, политоним, порейоним, хрононим, демоним, теоним, гиппоним, киноним, орнитоним, инсектоним т.б. деп бірінші рет ономастикалық терминдер қолдануы зерттеушінің ізденімпаздығын көрсетеді.

Jsk ақпарат