• 3 декабря, 2024 3:48 пп

ҚАЗАҚ ОНОМАСТИКАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БЕЛЕСТЕР

Автор:admin

Авг 12, 2022

Өткен жыл қазақ халқының тарихы үшін атаулы жылдардың бірі болды. Ғасырға жуық пайдаланаған кирилл жазуын латыннегізді әріптерге ауыстыру жөнінде шешім қабылданды. Кирилл әріптеріне негізделген қазақ әліпбиі халықтың ұлттық дыбыстарын еркін дыбыстауға мүмкіндік бермеді. Екі дыбыстарды бір әріппен белгілеу қағидасы пайда болды. Бір әріп дауысты да дауыссыз да бола береді деген жаңа ереже пайда болды. Нәтижесінде халықтың артикуляциялық құрылысына зиян келді, халық тілінің дыбыстық қор әлеуетінің дамуына кері әсер етті. Шет елден кірген сөздер мен терминдер донор тілдің ережесі арқылы еніп отырды. Соған байланысты тілімізде емлесі қиын сөздер пайда болып, бір термин мен онимдердің бірнеше жазу үлгісі араласып қолданылып, сөздердің жазылуындағы бірізділік жоғалды. Жаңа қабылданған әліпби қазақ халқының дыбыстарын толық белгілеп, сөздерді дұрыс жазуға мүмкіндік береді деп ойлаймыз. Қазақстанның халықаралық кеңістікпен еркін араласуы арқасында елімізде пайда болған терминдер мен 11 ономастикалық қордағы бірліктерді жазуда кеткен олқылықтардың орнын осы әліпби толтырады деген сенімдіміз. Қазіргі қазақ ономастикасының алдында тұрған міндеттердің бірі тіліміздегі жазуда қате кеткен олқылық тұстарын осы әліпби ауыстыру барысында ретке келтіру болып табылады. Əрбір онимдік бірлік өз мазмұнына сәйкес берілуі қажет. Əсіресе, жаңа тілдік құбылыстардың бірізді орфографиялануында ұстанатын принциптер нақты әрі айқын болғаны дұрыс. Əрбір моделдерге ғылыми негіздеме жасап қабылдауға тырысқанымыз жөн. Кейбір донор тілдердің әсерімен дұрыс дыбысталмай кеткен жалқы есімдерді түпнұсқасына жақындата отырып жазып, дыбыстауды өз артикуляциямызға бейімдеп қалдыру керек. Қазіргі латыннегізді қазақ әліпбиінің негізінде ономастикалық құжаттардың қайта қаралу ықтималдылығы жоғары болып отыр. Сондай жағдайда біз назар аударатын бірнеше мәселеріміз бар. Қазіргі ұлты қазақ азаматтардың аты-жөнінің жазылу ретінде бірізділік жоқ. Жеке куәлігінде бірінші қатарда тегі тұрады, ал екінші өз есімі, содан кейін әкесінің аты тұрады. Бірақ, көптеген құжаттарда бұл реттік сақталмайды. Оның себебі бұл құрылымда ұлттық сипат жоқ. Қазақ тарихында кісі есімдерін атау жүйесі үнемі тек ғана екі бөлімнен (сыңардан) тұрған. Бірінші- өз аты, екінші -әкесінің аты. Оның соңына «қызы» және «ұлы» деген сөздер жалғанып отырған. Кейінгі отаршылдық саясаттың салдарынан үш компонентті атау құрылымы пайда болды. Қазіргі уақытта осы идеологиялық атаулардан арылуды негіздеу қиын емес.

Jsk ақпарат

Автор: admin