• 13 октября, 2024 10:44 дп

Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің болашағы

Автор:admin

Июл 17, 2022

Қазақ жазуын латын графикасы негізіндегі жаңа әліпбиге көшіруге қатысты қазақстандық қоғамның әртүрлі әлеуметтік жіктерінде сан түрлі реакциялар болатынын, елдің саяси және мәдени өмірінде күрделі әрі әртекті үрдіс тудыруы мүмкін екенін жан-жақты ескеру керек. Сондықтан әліпби реформасына қатысты ақпараттық-насихаттық іс-шаралардың дені Қазақстанның болашақтағы орта және ұзақмерзімді дамуына бұл реформаның оң әсері жоғары болатынын ашып көрсетуге бағытталуға тиіс. Қазақ жазуының жаңа әліпбиге көшуін Қазақстанның ұлттық құндылықтары мен жалпыадамзаттық өркениетке үлес қосқан қазақ

мәдениетінің озық үлгілерін сақтай отырып, елдің рухани жаңғыруы, қазіргі жаһандану үрдісіне тереңдеп, әрі ауқымды түрде ену тұрғысынан қарастыру қажет. Президенттің жаһандық бәсекеге қабілетті ұлт болудың, үшінші технологиялық жаңғыруына көшудің, яғни ақпараттық және коммуникациялық байланыс технологиялары, оның ішінде, жаппай компьютерлендіру, интернет, ұялы телефон жүйесі, жерсеріктік теледидар т.б. жаһандану үрдісінің технологиялық негізі болып саналады. Аталған технологиялардың ұдайы әрі кеңінен тарауы латын графикасының бүкіл әлемдік ақпараттық кеңістікте басым орынға ие болуына алып келері анық. Латын графикасы қазіргі әлемде ең кеңінен қолданылатын жүйе болып табылады. Қазақ жазуының латын графикасы

негізіндегі әліпбиге көшуі, біріншіден, ұлттың рухани жаңғыруына жағдай жасайды: қазақ тілінің өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтауға, тілдің иммундық тетіктерін жаңғыртуға, қайта іске қосуға, екіншіден, қазақ тілінің әлемдік ақпараттық кеңістікке тиімді түрде енуінің алғышарттарын қалыптастырса, үшіншіден, Қазақстанда ақпараттық және коммуникациялық

технологиялардың кеңінен таралуына мүмкіндік жасайды. Қазақ жазуын латын графикасына көшірудің қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастырудағы маңызы орасан. Қазіргі таңда, қазақ тілі қазақ халқының ұлттық бірегейлігін қалыптастырудың басты факторы ретінде қарастырылады. Тілдің басқа да қырларының аса қажеттілігін мойындай отырып, жазудың ой мазмұнының графикалық таңба ретінде жеткізу жолдарының бірі екендігін естен шығармау қажет. Жазу ой мен сезімді объективтендіруде, сондай-ақ ұлттық бірегейлікті қалыптастыру мәселесінде де өзіндік дербес мәнге ие. Көптеген халықтар үшін олардың жазу ұлттық мәдениет пен бірегейліктің ең басты элементі болып табылады. Бірқатар әлем ұлттарының, соның ішінде түркі елдерінің іс-тәжірибелері, жазудың ауысуы біртұтас ұлттық бірегейліктің алмасуында шешуші

қадамдарының бірі екенін көрсетеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin