• 3 декабря, 2024 6:15 пп

Қазақстан-2050 стратегиясы — Қазақстан-2030 стратегиясының жаңа кезеңдегі үйлесімді дамуы.

Автор:admin

Июл 21, 2022

«Біз кімбіз, қайда барамыз және 2050 жылға қарай қайда болғымыз келеді?» деген сұрақтарға жауап осы. Жас ұрпақтың нақ осыған мүдделі екеніне сенімдімін. Осыған орай,  ұлттың 2050 жылға дейінгі жаңа саяси бағытының жобасын ұсынамын. Біз қайда бара жатырмыз? Қазақстан 2050 жылға қарай әлемнің ең дамыған отыз елінің қатарында болуға тиіс. Дамушы елдер арасында осы клубтағы орынға бәсекелестік қатал болмақ. Күн астындағы орын тек ең мықтыларға арналғанын нақты сезіне отырып, ұлтымыз жаһандық экономикалық тайталасқа дайын болуға тиіс.      Біз бірінші дәрежедегі мынадай мақсаттарымызды назардан шығармастан, нысаналы әрі шабытты жұмыс істеуіміз керек:

  • Мемлекеттілікті одан әрі дамыту және нығайту.
  • Экономикалық саясаттың жаңа қағидаттарына көшу.
  • Ұлттық экономиканың жетекші күші — кәсіпкерлікке жан-жақты қолдау көрсету.
  • Жаңа әлеуметтік үлгіні қалыптастыру.
  • Білім беру мен денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы және тиімді жүйесін құру.
  • Мемлекеттік аппараттың жауапкершілігін, тиімділігі мен функционалдығынарттыру.
  • Халықаралық және қорғаныс саясатының жаңа сын-қатерлеріне парапар саясат құру.

Енді Қазақстан 2050 стратегиясының негізгі бағыттары туралы өз пайымдауымды алға тартқым келеді. Жаңа бағыт экономикалық саясатының мәні — түгел қамтитын экономикалық прагматизм, шын мәнінде бұл біздің бүгінгі көзқарастарымыз бен ұстанымдарымызды түбегейлі өзгерту. Бұл нені білдіреді? Бірінші. Экономикалық және басқару шешімдерін түгелдей экономикалық мақсаттылық және ұзақ мерзімді мүдделер тұрғысында қабылдау. Екінші. Қазақстан толыққанды бизнес-серіктестік ретінде қатыса алатын жаңа нарықтық тауашаларды айқындау. Экономикалық дамудың жаңа тіректерін құру. Үшінші. Экономикалық әлеуетті арттыру мақсатында қолайлы инвестициялық ахуал құру. Инвестициядан алынатын кірістілік пен қайтарым. Төртінші. Экономиканың тиімді жеке секторын құру және мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту. Экспортты мемлекеттік ынталандыру. Жаңа кадр саясаты Жаңа экономикалық саясат табыстылығының басты шарты кадрларарқылы нығайтылуға тиіс. Бұл үшін біз:  Басқарушылық ресурсын жетілдіруге тиіспіз әрі бұл үшін бізде резервтер бар. Менеждменттің жаңа құралдарын және мемлекеттік сектордағы корпоративтік басқарудың қағидаларын енгізу қажет.  Мұнымен бір мезгілде халықаралық еңбек бөлінісінен пайдалы жағын алуымыз, атап айтқанда, біздің жаңа бағытымыздың бірқатар міндеттерін іске асыру үшін аутсорсинг бағдарламалары арқылы сыртқы кадр ресурстарынтартуымыз керек. Біз сонымен қатар ашық нарықтағы ең үздік шетел мамандарын тартуға және оларды елімізге жұмысқа шақыруға тиіспіз. Кең көлемді халықаралық тәжірибесі бар әрі білімді басқару кадрларды пайдалану екі бірдей нәтиже береді: біз өндірісіміздің менеджментін жаңғыртумен қатар, өзіміздің отандық кадрларымызды үйретеміз. Бұл — біз үшін жаңа тәжірибе.

Jsk ақпарат

Автор: admin