• 3 декабря, 2024 2:39 пп

Қазақстан халқының әлеуметтік топтасуы!

Автор:admin

Май 25, 2022

Әр ел бір лозингке жинақталып, сол елдің дамуына әсер етін негізгі факторлардың бірі екені баршамызға мәлім. Ал осы жолда стратегиялық бағдарламалардың жүзеге асыратын негізгі мақсат-міндеттері болады. Қазақстанның негізгі мақсаты 2050 жылға дейін ордалы дамыған отыз елдің қатарынан көріну. 2050 стратегиялық бағдарламасы әлемдік қауым­­­дастықта өзінің айшықты орнын иеленген тәуелсіз мемлекетіміздің ішкі және сырт­қы сая­сатына экономикалық әлеуметтік-мә­дени дамуына тікелей ықпал ететін оның әлеуеттілігін қамтамасыз етіп, тұрақты түрде алға жылжуын бағдарлайтын негізгі бағдарлама. Тарихи кезеңмен салыстырғанда аз ғана уақыт ара­лығын­да ғасырлық жолдарды жүріп өткен, уақыт сынында шыңдалған еліміздің жарқын болашағын бағдарлаудағы аса маңызды стратегия ретінде қоғамға үлкен қозғау салды, тың серпін берді. Тәуелсіз Қазақстанның демократиялық дамуы күн санап дамып қарыштап келеді, адам құ­қықтары саласындағы жаңғыртулар жоғарғы ха­лықаралық өлшемдерге жақындап келеді. 2050 жылға дейінгі стратегиялық мұраттарымыз бен кешенді ұлттық жоспарларымыздың белгі­ле­нуі тарихи сипатқа ие болып отыр. Қазақстан халқының әлеуметтік топта­суының оның айнымас ұлттық бірлігінің, қоғамдық келісім мен толеранттылықты нығайтудың айналасына топтасудың негізі болып табылады. Қазақстан 2050 стратегиясын әлеуметтік маңызы зор стратегия деп атауымыздың себебі, ең алдыменен ең­бек пен ынтымақтың арқасында толағай табысқа қол жеткізу – мемлекеттік саясаттың басым мәртебесі екендігін айқындап берді. Әлеуметтік саясаттың басты бағыттарының бірі шағын және орта бизнестің үлесін арттыру, жұмысқа орналастыру немесе жаңа мамандық игерудің жолдарын көрсетіп беретіні сөзсіз. Сондай-ақ, демократиялы даму жолындағы зайырлы қоғам құрудың нақты міндеттерін де айқындап берді. Тәуелсіз қазақ елі бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық даму жолында жаңғыру кезеңін бастан кешіріп отыр. Осы даму үдерісіндегі басты жетістіктеріміз әлеуметтік-саяси тұрақтылық, ұлт­аралық татулық пен дінаралық келісім болып табылады. Мұның өзі ең алдыменен сындарлы саясаттың нәтижелері екендігі бар­шамызға аян. Әлеуметтік-экономикалық даму­дың жаңғыру кезеңіне сәйкес келетін бірқатар кешенді міндеттер алға қойылып отыр. Ол әлемнің дамыған 30 елінің қатарынан көріну. Қазақстан бұл жолда аянып қалмақ емес. Осыған байланысты жаңа экономикалық бағыт ретінде жалпыға бірдей экономикалық прагматизм және ақша несие саясатын реформалау макроэкономикалық саясатты жаңғырту көз­делінген.

Jsk ақпарат

Автор: admin