• 3 декабря, 2024 3:45 пп

Ономастиканың заңдары!

Автор:admin

Авг 12, 2022

Ономастикалық заңдардың тағы бір ескеретін жағдайлары — есімде екпін

белгісі мен диакритикалық белгілердің қолданылмауы, яғни есім тек ағылшын

әліппесіндегі әріптерден және символдардан құралуы тиіс; бұндай

ономастикалық заңды ұстанатын штаттарға Канзас, Массачусетс, Мичиган,

Калифорния, Алабама, Батыс Вирджиния және Колорадо жатады. Аталған екпін

және диакритикалық белгілерге “e ́,” “n ̃,” және “c ̧” сияқты символдарды

жатқызуға болады. Бұл заңға байланысты екпін және диакритикалық

белгілерден басқа, сызықша мен дәйекше (апостроф) қолдануға болады. Атап

айтқанда, O’Connor (О’Конор), O’Connel (О‘Коннел), O’Neil (О’Нэиль), A’Aron

(А’Арон), Jones-Smith (Джонс-Смит), Young-Parker (Янг-Паркер) және т.б

ағылшын есімдері бұл заңға қайшы келмейтін мысалдар бола алады. Ал,

керісінше, Esmé, Björn, André, Lucı ́a, Chloë, Beyonce ́, Chaco ́n сияқты басқа

тілдерден енген жиі кездесетін есімдерді қолдануға аталған штаттарда тиым

салынған. Бұндай заңдардың штаттарда қолданылуы бір жағынан

Америкадағы антропонимдерді біркелкі стандартқа келтіруге септігін тигізеді.

Еуропаның алдыңғы қатарлы көптеген мемлекеттерінде кісіні атау қатал

әрі мұқият қадағаланады. Германияда бала өмірге келместен бұрын оған ат қою

жөнінде ресми органнан рұқсат алады. Оның арнай нормаларын да

қарастырылған. Швейцария, Исландия, Дания сияқты мемлекеттерде де есім

беру ісі заң арқылы қадағаланып отырады. Балаға қоюға тыйым салынған

есімдер де бар. Олардың арасында зұлымдық, қатыгездік сынды теріс

ассоциация тудыратын есімдердің болмауын ескертетін баптар бар. Исландияда

аттардың барлығы исланд тілінің орфографиясына сәйкес дұрыс жазылуы

керек. Исланд тілінің әліппесінде C,Q,W деген әріптердің жоқтығынан

13 «Ludwig», «Duncan» деген есімдер қоюға рұқсат бермеген. Данияда да есімнің

дат тілінің орфографиясына сәйкес келген есімдерді қоюды талап етеді. Кісі

есімдерінің қадағалануы біріншіден, елдің қауіпсіздігін сақтауға әсер етсе,

екіншіден сауаттылықты, тілге, ұлтқа деген құрметті көрсетеді.

Коммуникациядағы мәдениетті айқындайды. Кейбір ортада «Ардақ Берік»,

«Жанат Ермек», «Айдын Жалмырза» сияқты аты-жөндерді кездестіргенде

қайсысы аты, қайсысы тегі екенін ажырату қиынға соғып жатады. Екіншіден, олардың жынысы да белгісіз болып тұрады. Осы тұрғыдан алып қарағанда ономастикалық заңның қажеттілігі аса туындап отырғаны шындық. Осы заңда антропонимдердің құрамы мен мағынасына да назар аудару қажет. XIX ғасырдың екінші жартысында қабылданғған «Америка Құрама Штаттарының атаулары туралы» қаулысы мен XIX ғасырдың басында қабылданған қаулыны салыстырсақ, қазіргі кезде елдің ағылшын тілінің қолданысын және күшін жоғары болатындығын көздейтінін байқауға болады. Бұған бірден-бір мысал ретінде, кез келген қоныс аударған шет елдік азаматтар елге келген бетінде құжатын өзгертеді. Бұл құжатта адамның жеке мәліметі ағылшын тілінде болады және туған тілдерінің ерекшеліктеріне қарамастан, атаулардың барлығының транскрипциясы ағылшын тілінде болуы қажет.

Jsk ақпарат

Автор: admin