• Вт. Авг 9th, 2022

Латын қарпіне көшу жұмыстары белсенді өткізілмек!

Автор:admin

Июн 14, 2022
Spread the love

Әр халық өзінің тілдік ерекшеліктеріне сәйкес кейбір әріптердің варианттарын өздері жасап алды. Соның нәтижесінде, дүние жүзінің түркі қауымдастығын былай қойғанда, бұрынғы КСРО-да жасайтын отыз шақты түркі халықтары мен ұлыстарының өзі басын біріктіре алмады. Керісінше, олар бірінің жазғанын екіншісі еркін оқып түсіне алмайтындай жағдайға келіп, жазу арқылы өзара жақындасудың орнына, жырақтай түсті. Сөйтіп, сыртқы күштердің о бас¬та көз¬де¬ген түркілердің бастарын бірік-тірмеу жос¬пары өз миссия¬сын толығымен орындап шықты». Филология ғылымдарының докторы, профессор Ә.Жүнісбек өз ойын: «Бүгінгі қазақ жазуына, тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек деп жүргенім сондықтан. Реформа бір ғана әліпби ауыстырумен тынбайды. Реформа үш мәселені – дыбыс, әліпби және емле-ережені бірдей қамтиды: дыбыс – өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы; әліпби сол дыбыстың қауызы, басқаша айтқанда, қорғаны мен оққағары; емле-ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері. Осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайды. Ал әліпби ауыстыру қазақ жазуына реформа жасаудың алғышарты және ең төте жолы болып табылады. Егер латын таңбаларын баптап қабылдай алсақ, онда көптеген тілбұзар әріптер мен емле-ережелер өзінен-өзі түсіп қалады», – деп тұжырымдайды. Белгілі түрколог ғалым Ш.Ыбыраев латынға көшкенімізде ұтатын төмендегідей тұстарымызды көрсетеді: Біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Уақыт та, қаржы да үнемделеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кірігуге тиімді жолдар ашылады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек. Ол да табиғи іс екендігін айтқым келеді». Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты директорының орынбасары Анар Фазылжанованың пікірі де осыған саяды: «Тілтанушылар үшін қазақ жазуын кирилл қарпінде реформалау аяғы қиынға соғатын. Тіпті кеңестік кезеңдерден қалыптасып, бүгінге дейін өшпей келе жатқан стереотиптерге сүрініп, жүзеге асырыла алмай қалатын. Көптен бері жабулы жатқан дүние-тін. Себебі кирилл қаріптері орыс сөздерін «менше» жаз деп тұрады. Орыс тілінен енген дыбыстарды таңбалауға қызмет ететін әріптерді әліпби жүйесінен алып тастау да мәселені шешпейтін. Бүкіл қазақ емле ережелерін түбегейлі реформалау өз алдына, санаға сіңген қосамжар (орыс-қазақ) орфографияның көзтанымда, қолтанымда қалдырған стереотиптерін бұзу қиынның-қиыны болар еді. Ал латын әліпбиіне көшу осы стереотиптерді айналып кетудің ең оңай тиімді жолы болмақ. Латын қаріптерімен шет тілінен енген сөздерді қазақша сындырып жазатын болсақ, ешкімнің таласа қоймайтыны белгілі. Сөйтіп, бір оқпен екі қоян алған боламыз. Біріншіден, қазақтың артикуляциялық (айтылым) базасын жаңғыртып, сақтап қаламыз. Басқаша айтқанда, сырттан келген сөздерді бұрынғыша сындырып жазып, қазақи шапан кигіземіз. Екіншіден, жаһандық өркениетке ілесе алатын боламыз».

Jsk ақпарат