• 13 октября, 2024 9:55 дп

Латын қарпіне көшудің қандай оңтайлы жолдарын атар едің?

Автор:admin

Июн 12, 2022

Нұрбол: Латын әліпбиіне көшу өткен ғасырларда түрлі тарихи, саяси жағдайларға байланысты дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен қазақ баласының басын қосушы фактордың біріне айналар еді. Өйткені бәріміз бір тілде сөйлегенімізбен, әртүрлі әліпбиді пайдаланамыз, мәселен, Ресейде, Монғолияда өмір сүретін қандастарымыз – кириллицаны, Қытай, Ауғанстан, Пәкістанда тұратын бауырларымыз – төте жазуды (араб жазуын), ал Түркия мен Еуропа мемлекеттерін мекендейтін алаш перзенті – латиницаны қолданады. Бұл, әрине, өзара хат-хабар алмасуды күрделендіріп, жазу арқылы тілдесуді қиындатады. Мұны шетелдің жоғары оқу орындары аралық келісімшарт негізінде білім алып жатқан Қытай мемлекетінен келген қандас студенттерімізді оқыту барысында көріп жүрміз. Яғни латын әліпбиі – әлем қазақтарының рухани бірлігінің негізі деп айта аламыз. Сондай-ақ латын әліпбиін пайдаланатын түркі тілдес халықтармен қарым-қатынасымыз да жеңілдей түсетіні анық.

Бекен САҒЫНДЫҚҰЛЫ:

— Иә, бұл мәселе осыдан 5 жыл бұрын көтерілген еді. Содан бері санамызда «ерте ме, кеш пе, еліміз латын әліпбиіне көшеді, соған дайындала беруіміз керек» деген салмақты ой сақталып келді. Бүгін сол үкілі үміт сәулесінің куәсі болып отырмыз. Бұл жазу — елдігіміз бен егемендігімізді айқындайтын, халықтың сауаттылығын танытатын көрсеткіш деп білемін. Латын әліпбиі бұрын тарихымызда 10 жылдай уақыт салтанат құрды. Сол кезде біз көптеген елге, жерге танылдық. Ал қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз. Себебі, латын әліпбиі әлемдегі ең танымал жазулардың бірі саналады, яғни, болашағы зор. Сондықтан Президенттің  шешімін қолдап, оның ары қарай жүзеге асуына үлес қосуымыз қажет.

Мадина: Менің ойымша, латын әліпбиіне ауысуымыз арқылы еліміздің бай мәдениеті мен мұрасын көптеген шетелдік азаматтарға терең танысуына жол аша аламыз. Ал, қазақ жастары үшін  дамыған елдердің мол жинақталған техникалық, әдеби тағы басқа туындыларын  түп нұсқада оқып, танысуға мүмкіндік туады.

Асел:  латын әліпбиіне көшу туралы шешім өте құптарлық. Әрине, бұл жолда түрлі кедергілер кездесетіні түсінікті жайт. Сондықтан «шешінген судан тайынбас» деген қағиданы бетке ұстап, нар тәуекелге барғанымыз жөн. Алға ұмтылған адам үшін алынбайтын қамал жоқ. Ең бастысы, бұл бастама еліміздің әлемнің дамыған 30 елінің қатарына ену жолына ашылар  есік болады деп ойлаймын.

Jsk ақпарат

Автор: admin