• 15 октября, 2024 5:24 дп

Латын графикасының қолданылу аясы!

Автор:admin

Июн 15, 2022

Жазу барысында осындай қиындық тудырып жүрген сөздердің бірі – қысқарған сөздер. Кейбір қысқарған сөздердің қазақ тілінің дыбыстық-артикуляциялық ерекшеліктеріне сай келмейтіні белгілі. Соған қарамастан бүгінде қысқарған сөздер баспасөз беттерінде, әлеуметтік желілерде ең жиі қолданылатын тілдік бірлікке айналды. Белгілі ғалым, ф.ғ.д., профессор Ш.Құрманбайұлы бұрынырақта, дәлірек айтқанда 90-жылдарға дейін біздің тілімізде орыс тіліндегі қысқартылған нұсқасы бойынша қолданылатын қысқарымдар көп болған болса, қазір Еуропа елдерінің тілдері мен ағылшын тіліндегі күрделі атаулардың қысқарған нұсқаларын да мерзімді баспасөз бен ресми құжаттардан, түрлі басылымдардан жиі ұшырататынымызды көрсетіп, олардың қатарына мына төмендегі ASEAN, АІВА, ЕХРО, IBA, ISO, IT, ІРО, FILA, FIFA, FIDE, FIAS, NACA, NATO, NTI, UNESCO, UNICEF, USAID, UNEP, USIA, UNPF, OPEC, WBA, WBO, WBC, WIMAX, WWF, UBS, VIP, CNN, CARICC, SMS, TIMSS, G-20, REACH, PNB, РR және т.б. сияқты қысқарымдарды жатқызады. Бұл сөздерге жалғанған қосымшаларының да жазылуы бірізді емес. Тіпті, біздің күнделікті өмірімізде жиі қолданылатын ТарМУ деген қысқарған сөзге де жалғанған қосымшалардың әркелкі екенін көріп жүрміз. Орфографиялық ережеміздің тағы бір толықтыруды қажет ететін тұсы – бас әріптердің, әсіресе, әрбір сөзі бас әріппен жазылатын күрделі атаулардың жазылуы. Кезінде, А.Байтұрсынұлы латын және орыс алфавиттеріндегі ұлы әріптердің (бас әріп) пайдасынан зияны көп екенін, оның сауаттандыру ісін ауырлататынын дәл көрсеткен болатын. Бұл қиындық қанша уақыт өтсе де, әлі күнге шешілмей келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Бас әріппен жазылатын күрделі атауларды жазғанда, өкінішке орай, қазақ тілінің орфографиялық ережесі емес, сол сөздің орыс тіліндегі нұсқасы басшылыққа алынады. Сәйкесінше, сауатсыздықтың шырқау шегін осыдан көреміз. Өйткені, күрделі атаулардың орыс тіліндегі нұсқасы, А.Фазылжанованың терминімен айтқанда «менше» жаз деп тұрады. Мәселен орыс тіліндегі «Министр образования и науки Республики Казахстан» деген сөз, қазақ тілінде «Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі» деп жазылуы тиіс. Алайда кейбір авторлар мен басылымдар орысшасында бас әріппен жазылған министр деген сөзді қазақшасында жай әріппен жазса, оның дәрежесі кеміп қалатындай немесе министр алдында кінәлі болып қалатындай көреді. Ал латын әліпбиіне көшу – «…кеңестік кезеңдерден қалыптасып, бүгінге дейін өшпей келе жатқан осындай стереотиптерден» құтылудың бірден-бір жолы. Тағы бір қиындық ана тілімізге тән төл дыбыстарды бейнелейтін әріптердің формасында екені даусыз. Қазіргі кезде тілші ғалымдар, информатика, техника және тағы басқа салалардың мамандары дайындаған латын әліпбиіне негізделген қазақ жазуының бірнеше нұсқасы бар. Аталған әріптер бұларда түрліше беріліп жүр. Олардың кейбіреулері қосарлы таңбалармен берілсе, кейбіреулері қосымша белгілер үстеу арқылы берілген.

Jsk ақпарат

Автор: admin